Машанова Алмагуль Сериковна 1997 жылдан бастап осы мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеп, 2000 жылдан бастап тарих мамандығына байланысты тарих пәнінен сабақ



бет6/8
Дата26.05.2022
өлшемі169,23 Kb.
#145159
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
0006aaf4-ab80072c

Машанова
Алмагуль
Сериковна
Туған жылы: 03.01.1974 ж
Педагогикалық стажы 20 ж
Лауазымы бойынша еңбек стажы 20 ж
Оның ішінде аталған білім мекемесінде 19ж
Білімі: Жоғары
Санаты: І
2002 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің тарих мамандығы бойынша
Біліктілігін арттыру туралы мәлімет:
-2013 жыл, «Өрлеу» Алматы қаласы
-2014 жыл, «Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығы» Алматы қаласы
-2015жыл, ПШО Талдықорған қаласы
Ғылыми-әдістемелік жариялымдар:
1.«Білім көкжиегі» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал , «Тәуелсіздік –ел бақыты ертеңім» атты ашық сынып сағаты, №3 2013 наурыз
2.Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Тарих факультеті, Инновациялық және толеранттылық білім беру орталығы
«Инновациялық әдістерді тарих сабағында қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын дамыту» Алматы,2015ж
3. «Инфоурок» Коучинг Окытуды үшін бағалау және оқуды бағалау 2015ж

Мұғалім жетістігі:
- Мадақтама «ХХІ ғасырдағы толентарлық педагогикасы-даму жолдары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына белсене қатысқаны үшін 2014ж
- Құрмет грамотасы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы атынан 2015ж

Машанова Алмагуль Сериковнаға


Әдістемелік бірлестік жетекшісінің пікірі

«Ақжар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тілдер бірлестігі» . Әр бірлестіктің өз алдына қойған биік мақсат-мұраттары бар. Ол - оқушының тұлғалық қасиетін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, білім сапасын шығармашылық деңгейге көтеру.


Әр мұғалім өзінің әдістемелік тақырыбы бойынша оқу үрдісіне енгізген жаңа технологиялар арқылы оқушыларды өзін-өзі бағалау, өзін-өзі дамытуға дағдылануға үйретеді. Тарих пәнінің мұғалімі Машанова Алмагульдің тақырыбы «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушыларды тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру». Аталған әдістемелік тақырыбы бойынша мұғалім алдына қойған міндеттерін жүзеге асырады, нәтижесінде педагогикалық өнім шығарып, әдістемелік жиынтығына қосады.
Машанова Алмагуль Сериковна 2015 жылдың қаңтар – мамыр айларында Талдықорған қаласы Назарбаев мектебінің қасындағы шеберлікті арттыру орталығында 3 айлық деңгейлік курстың І (ілгері) деңгейінде білім жетілдіріп, сертификат алып келді. Сабақтарында сындарлы оқытудың 7 модулі бойынша жұмыс істеуде.
Биылғы оқу жылында жоспарланған ашық сабақ көрсету арқылы бірлестік жұмысын көрсете білді. Мектепішілік, аудандық пәндік олимпиада, «Золотое Руно» халықаралық сайысына да бірнеше оқушыларды қатыстырып жүлделі орындарға ие болды. Сондай-ақ , Республикалық «Зерде» ғылыми –конференциясына оқушысы қатысып, жүлделі орынға ие болды.
Машанова Алмагуль - барлық игі істерге ұйымдастырушы бола білген тәлімгер ұстаз. Соның нәтижесінде оқушыларының білімдері жақсы, тәрбиесі өнегелі. Биылғы оқу жылының Іжарты жылдықта оқушылардың білім сапасы 75%, үлгерімі 100% жетіп тұр.

Бірлестік жетекшісі Р.Джакипова

«Ақжар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарих пәні мұғалімі Машанова Алмагуль Сериковнаның жұмысы жөніндегі 9а сынып ата-аналарының пікірі
Тарих пәні мұғалімі Машанова Алмагуль Сериковна 1995 жылдан мамандығы мұғалімдік қызметін атқарып келеді. Осы аталған мектепте 1997 жылдан еңбек етуде. 2000 жыдан бері тарих пәнінен сабақ беріп келеді. Осы жұмыс істеген жылдары Алмагуль Сериковна өз ісінің шебері. Бала тәрбиесін білім берумен қатар алып жүрген мейірімді жан.Ол кісінің тәрбиесі мен тәлімін көрген оқушылары тек жақсы жақтарымен көрініп келеді. Үнемі ата-аналармен тығыз байланыста жүреді.Өз сабағында ,мектепте баламыздың әр қылығын дер кезінде байқап бізге хабардар етіп тұрады.Сондықтанда біз тәрбие отбасынан басталып,мектепте жалғасатынын жақсы түсінеміз. «Тәрбие отбасынан, ошақ қасынан басталады» - деп бекер айтылмаған. Аса маңызды жұмыстарды абыроймен атқара жүріп адалда принципшіл мінезімен көріне біледі. Өзінің адал қызметіне шебер ұйымдастырушылық ерекше қабілеттілігімен көзге түсетіндігін ерекше атап кетуге тұрарлық. Өзіне арман болған жоғарғы білімін тәмамдап, Үшбұлақ ауылына қызметке келген күннен бастап, саналы да , парасатты жас ұрпақты яғни кішкентай жас бүлдіршіндерді тәрбиелеп оқытып келеді. Еңбекте биік белестерден көріне беруіне, білім беріп жүрген оқушыларының қызығына кенеле беруіне ата-аналар атынан рахметімізді айта отырып, сый-құрметпен қараймыз. Егеменді еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолында күш-жігерін аямастан жұмсап үлесіңізді қоса берер деген ниеттеміз.
Ата-аналар: Р. Ахмежанова
И.Сандуова
С.Мухамадиев




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет