Машина қҰрастыру негіздері


Мәшине бөлшектерін жасау технологиясының оңайлығы



бет14/75
Дата28.01.2018
өлшемі5,8 Mb.
#35056
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75

2.11 Мәшине бөлшектерін жасау технологиясының оңайлығы

Мәшинелерге және оның бөлшектеріне қойылатын ең негізгі талаптардың бірі – оларды жасау технлогиясының оңай болуы. Жасау технологиясының оңай болуы мәшиненің құнын едәуір арзандатады. Берілген зауыт жағдайында аз еңбек және қаржы шығынымен дайындалатынын бөлшектің жасау технологиясы оңай және үнемді болып табылады. Конструкцияның технологиялығы төмендегілермен сипатталады:



  1. Механикалық өңдеуді көп қажет етпейтін конфигурациясы қарапайым

бөлшектерді жаңа мәшинеде қолданумен. Штамптау, дәл құю, фасонды прокат, пісіру кеңінен қолданылады.

  1. Берілген конструкцияның унификациясымен, яғни мәшиненің әртүрлі тораптарында бірдей бөлшектерді қолданумен.

  2. Бөлшектердің стандартты конструктивтік элементтерін, сонымен қатар стандартты дәлдік кластарын және қондыруды кеңінен қолданумен.

  3. Өндірісте бұрын игерілген бөлшектер мен тораптарды жаңа мәшинеде қолданумен.


2.12 Мәшине бөлшектері мен тораптарының жобалау жұмыстарын жүргізу негізі, орындау жолдары және оларды ұйымдастыру

Жобалау деп төмендегі этаптардан тұратын процесті айтады:

а) техникалық тапсырма. Бұл этапта мәшине конструкциясының схемасы қарастырылады;

б) кинематикалық, беріктік, жылулық және басқа жобалау және тексеру есептері орындалады;

в) тораптардың конструкциясы қарастырылады, мәшиненің жалпы көрінісінің және бөлшектердің жұмыс сызбалары орындалады;

г) бөлшектерді және тораптарды дайындаудың технологиялық процесі, жинау және бақылау қарастырылады;

д) мәшиненің құны және техникалық-экономикалық көрсеткіштері анықталады.



Механизмдерді жобалау төмендегіше жүргізіледі:

  1. Тапсырмаға сәйкес жобаланатын механизмнің атқаратын қызметін, әсер ету принципін және жұмыс істеу режимін анықтайды және кинематикалық схемасын жасайды. Ол үшін бұрыннан бар конструкцияларға сүйенеді.

  2. Қажетті қуатты анықтайды және қозғалтқышты таңдап алады.

  3. Кинематикалық есеп жүргізеді. Бұл есепте механизмнің беріліс сандарын, бөлшектердің сызықтық және бұрыштық жылдамдықтарын анықтайды.

  4. Бөлшектердің жұмыс істеуі кезінде оларға әсер ететін біліктердегі айналдыру моменттерін және күштерді есептеп анықтайды.

  5. Бөлшектердің есептеу схемаларын қысқаша түрде жасайды (мысалы, біліктерді ілуге есептегенде, оларды екі тіректе жатырған арқалықтар ретінде қарастырады).

  6. Бөлшектердің жобалау есебін жүргізеді, яғни материалды және оның термиялық өңдеу түрін, есептік коэффициенттерді және басқа шамаларды қабылдап алады, ал содан кейін жұмыс істеу қабілеттілігінің басты критериі бойынша өлшемдерді анықтайды және МЕСТпен сәйкестендіреді.

  7. Бөлшектердің алынған өлшемдері бойынша механизмнің конструкциясы жасалынады.

  8. Бөлшектердің тексеру есебін жүргізеді және, егер қажет болса, олардың конструкциясына және өлшемдеріне қажетті өзгерістер енгізеді.

  9. Бөлшектердің жұмыс сызбаларын орындайды.

ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР


  1. Мәшине бөлшектерінің конструкциясына қойылатын негізгі талаптар қандай

  2. Мәшине бөлшектерін есептеу жолдары қандай

  3. Тұрақты күш түскенде беріктікке қалай есептейді

  4. Айнымалы күш түскенде беріктікке қалай есептейді

  5. Әр түрлі деформациялар кезіндегі кернеулерді есептеу формуласы қандай

  6. Номинал кернеу дегеніміз не

  7. Шоғырлану коэффициенті дегеніміз не

  8. Серпімділік шегі дегеніміз не

  9. Ағу шегі дегеніміз не

  10. Тұрақты күш және айнымалы күш деп қандай күштерді айтады

  11. Беріктік шегі дегеніміз не

  12. Пульсирлік, симметриялық және айнымалы цикл деп қандай циклдерді айтады

  13. Асимметрия дәрежесі дегеніміз не Анықталу формуласы қандай

  14. Жұмыс істеу қабілеттілігі дегеніміз не Жұмыс істеу қабілеттілігінің критерилері қандай

  15. Сенімділік түсінігін түсіндір.

  16. Сенімділіктің негізгі көрсеткіштері қандай

  17. Қандай конструкцияны жасау техногологиясы оңай деп айтады

  18. Мәшине бөлшектері мен тораптарының жобалау жұмыстарын орындау жолдары қандай



ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Серікбаев Д., Тәжібаев С. – Машина детальдары, Алматы, Мектеп, 1983, 5 – 37 беттер.

  2. Тәжібаев С. Д. Қолданбалы механика, Алматы, білім, 1994, 136 – 180 беттер.

  3. П.Г Гузенков. Детали машин, М.: Высш. Школа, 1982, 8-34 беттер.

  4. П.Г. Гузенков, А.Г. Гришанов, В.П. Гузенков. Курсовое проектирование по деталям машин и подъемно-транспортным машиннам, М.: Высш. Школа, 1990, 3-68 беттер.

3-ЛЕКЦИЯ. ҚОСЫЛЫСТАР. ҚОСУ БӨЛШЕКТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ, ЖАЛПЫ СИПАТТАМАЛАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. БҰРАНДАЛЫ ҚОСЫЛЫСТАР

3.1 Қосылыстар. Қосу бөлшектерінің түрлері, жалпы сипаттамалары мен ерекшеліктері

3.2 Бұрандалы қосылыстар

3.2.1 Бұранда

3.2.2 Бекіту бөлшектерінің негізгі түрлері

3.2.3 Бұрандалы қосылыстарды өздігінен бұралудан сақтандыру

3.2.4 Винт жұптарының теориясы

3.2.5 Әр түрлі күш түскен жағдайда болт сырығын беріктікке есептеу

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

Әдебиеттер
3-ЛЕКЦИЯ. ҚОСЫЛЫСТАР. ҚОСУ БӨЛШЕКТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ, ЖАЛПЫ СИПАТТАМАЛАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. БҰРАНДАЛЫ ҚОСЫЛЫСТАР
3.1 Қосылыстар. Қосу бөлшектерінің түрлері, жалпы сипаттамалары мен ерекшеліктері

Мәшиненің бөлшектері мен тораптары бірімен-бірі әр түрлі тәсілмен қосылады. Сол тәсілдердің барлығын ажырамайтын қосылыс және ажырамалы қосылыс деп екі түрге бөлуге болады.



Ажырамайтын қосылыс деп бөлшектерді бұзусыз ажыратуға келмейтіндей етіп біржола қосуды айтады.

Оған үш түрлі қосылыс жатады: бөлшектерді пісіру немесе дәнекерлеу арқылы қосу, заклепка – тойтарма шегемен қосу және бөлшектерді бірімен-бірін нығыздап жылжымайтындай етіп қосу (керілісті қосылыс). Ажырамалы қосылыстар арқылы қосылған бөлшекті тез арада бөлшектеп қайта жинауға болады, олар бірімен-бірі бұрандалы бөлшектер немесе сына мен штифттер, шпонкалар арқылы қосылады.


3.2 Бұрандалы қосылыстар

Бұрандалы қосылыстар деп, болттың, винттің, шпильканың, гайканың және т.б. бекіту бөлшектерінің көмегімен қосылатын ажырамалы қосылыстарды айтамыз. Мұндағы винт дегеніміз бұрандалы сырық; болт қалпақшалы винт; гайка – бұрандалы тесігі бар кілтпен қамтылатын пішінді бөлшек; ал шпилька – екі жағы да бұрандалы сырық.

3.2.1 Бұранда

Бұранда тілінген бөлшектің пішіні бойынша конусты бұранда және цилиндрлі бұранда болып екі түрге бөлінеді. Цилиндрлі бұранда көп таралған. Конусты бұрандалар көбінесе тұрбаларды жалғастырғанда қолданылады. Өйткені олар тығыздықты жақсы қамтамасыз етеді.

Бұрандалар профилі бойынша үшбұрышты, тікбұрышты, трапециялы, жұмыр және т.б. болып бөлінеді.

Винт сызығының бағыты бойынша оң және сол бұранда болып бөлінеді. Оң бұрандада винт сызығы солдан оңға қарай жоғары, ал сол бұрандада оңнан солға қарай жоғары жүреді. Оң бұранда кеңінен таралған. Сол бұранданы арнайы жағдайларда ғана колданады.



Бұранда сызықтарын өзара параллель етіп бірнешеуін қатар жүргізуге болады және ондай бұрандаларды көп кірісті бұрандалар деп атайды. Олар бұранда сызығының кіру санына байланысты бір кірісті, екі кірісті, үш кірісті және т.б. болып бөлінеді. Бір кірісті бұрандаларды кесу оңай және арзан, сондықтан олар техникада көп қолданылады. Барлық бекіту бұрандалары бір кірісті болып келеді. Ал көп кірісті бұрандалар тек жүк көтеретін винттерде қолданылады, себебі олардың пайдалы әсер коэффициенті жоғары келеді.

Бұрандаларды дайындау әдістері.

  1. Бұранданы кескішпен (метчик, плашка) қолдан дайындауға болады. Бұл әдіс өнімділігі шамалы болғандықтан шағын өндірістер мен жөндеу жұмыстарында ғана қолданылады.

  2. Бұранданы кескіш арқылы темір жонатын немесе арнаулы болт өңдейтін станоктарда дайындауға болады.

  3. Арнаулы фрезерлік станоктарда дайындалады. Бұл әдіспен дәлдікті талап ететін, үлкен диаметрлі винттер дайындалады (жүріс және жүк винттері, біліктердегі бұрандалар және т.б.).

  4. Арнаулы бұрандалар таптағыш станок автоматтарда кесіледі. Мұндай өнімділігі жоғары, әрі арзан әдіспен стандартты қозғалыс қажетіне арналған бұрандалар әзірленеді (болттар, винттер, гайкалар және т.б.).

  5. Құю әдісі. Мұнда пластмассадан, шойыннан және шыныдан құйылған бөлшектердің бұрандаларын құю процесінде жасауға болады.

  6. Сығу әдісі. Жұқа қабырғалы қаңылтырдан және пластмассадан штамптау немесе үлкен қысыммен қысу арқылы жасалатын бөлшектерге бұранда сызығын сығу арқылы түсіреді.

Бұранданың геометриялық параметрлері (3.1-сурет): - бұранданың сыртқы диаметрі, яғни бұранда орамының сыртқы төбелері арқылы жүргізілген цилиндр диаметрі; - бұранданың ішкі диаметрі, бұранда орамының ішкі табандары арқылы жүргізілген цилиндр диаметрі; - бұранданың орта диаметрі; - гайка мен винт орамы жанасатын профильдің жұмыс биіктігі; - қадам; - бұранда жүрісі, бұл гайканың бір айналу кезіндегі жылжу шамасын көрсетеді. Бір кірісті бұранда үшін =; көп кірісті бұранда үшін , мұндағы - кіру саны; - профиль бұрышы; - көтерілу бұрышы (3.2-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет