2.4 Тұрақты күш түскенде беріктікке есептеу
Т ұрақты күш деп шамасы мен бағыты өзгермейтін күшті айтады (2.1, а-сурет). Тұрақты күш әсер еткенде есептеу жолын білу үшін шоғырлану коэффициентімен таныс болу қажет. Егер бөлшекті қиып қарайтын болсақ, сол бөлшек қимасы әр түрлі болып келеді, себебі мәшине тетіктерінің атқаратын қызметіне сәйкес олардың пішіні әр түрлі болады. Сондықтан бөлшек қимасындағы күш кернеуі бірдей болмайды.
Егер үлгі ретінде жұмыр денені алып (2.2, а-сурет), оны созатын болсақ, дене қимасында пайда болатын күш кернеуі қиманың барлық нүктелерінде бірдей болады және бұл кернеуді номинал кернеу деп атайды. Енді сол жұмыр денеге ойық салатын болсақ (2.2, б-сурет), күштің шамасын өзгертпесек те, кернеу бірден өзгеріп кетеді. Дене қимасының сыртқы нүктелерінде кернеу бірнеше есе артады, себебі денеге салынған кез келген ойық оның беріктігін кемітеді. Беріктіктің кемуі немесе кернеудің артуы сол ойықтардың пішініне байланысты болады. Ойықтан пайда болатын бұрыш неғұрлым сүйір болса, сыртқы нүктелерде кернеудің шамасы соғұрлым көп болады (2.2, в, г, д-суреттер). Сондай-ақ, кернеу шоғырлануы бөлшектердің қалыңдығына да байланысты.
Сонымен, дене қимасында ойық болса, онда кернеу шоғырлануы байқалады, номинал кернеумен бірге максимал кернеу де пайда болады. Шоғырлану коэффициенті деп, максимал кернеудің номинал кернеуге қатынасын айтады:
; . (2.1)
Достарыңызбен бөлісу: |