Машина қҰрастыру негіздері



бет12/75
Дата28.01.2018
өлшемі5,8 Mb.
#35056
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75

2.9 Дірілге төзімділік

Дірілге төзімділік деп, бөлшектердің зиянды тербеліссіз, өздеріне тән тербеліс режимдерінде жұмыс істеу қабілеттілігін айтады. Мәшине бөлшектерін діріл төзімділігіне есептеу іс жүзінде зиянды тербелістің немесе резонанс құбылысының пайда болу шарттарын есептеуге әкеп соғады. Бізге белгілі резонанс құбылысы меншікті тербеліс пен еріксіз тербелістердің жиілігі бірдей болғанда пайда болады. Міне, осыны алдын ала ескеріп, айнымалы бөлшектерін сол жағдайларда жұмыс істемейтіндей етіп жасау, дірілге төзімділікке есептеу болып саналады.


2.10 Мәшинелердің сенімділігі

Мәшинелердің сенімділігі деп, олардың белгілі бір мерзімде ақаусыз бұзылмай жұмыс істеу қабілеттілігін айтады. Кейінгі кезде мәшинелердің сенімді, автоматтар неғұрлым күрделі болса, соғұрлым олардың бөлшектері де сенімді болуы қажет. Мысалы, автоматтандырылған механикалық цехтарда ондаған, жүздеген станоктарды бірімен-бірін тізбектеп қосып, олардың бір-біріне байланысты жұмыс істеуін талап етеді Ал мұндай жағдайда бір станоктың істен шығып қалуы бүкіл цехтағы автоматтың жұмыс істеуіне әсерін тигізеді. Сондықтан қазір мәшине бөлшектерін сенімділікке есептеу жолдары қарастырылуда.

Бөлшектердің бұзылмай жұмыс істеу қабілеттілігінің ықтималдылығы және бұзылу қарқыны сенімділіктің негізгі көрсеткіштері болып табылады.

Бөлшектердің бұзылмай жұмыс істеу қабілеттілігінің ықтималдылығы деп берілген уақыт интервалында немесе берілген істелген жұмыс (наработка) шегінде бұйымның істен шығуының пайда болмау ықтималдылығын айтады.

Егер істелген жұмыс уақытында бірдей бұйымдардың санынан бұйымның істен шығуы себебінен бұйым алынатын болса, онда бұйымның бұзылмай жұмыс істеу қабілеттілігінің ықтималдылығы

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет