Машықтандыру жұмысы №1 Тақыры: Дәрілерді қолдану жолдары мен әдістері,ішке қабылдайтын дәрі дәрмектерді үлестіру. Мақсаты



бет5/43
Дата31.05.2022
өлшемі149,69 Kb.
#145588
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Гулжан машытандыру

ІІ. Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Емшара мақсаты.

  2. Дәріні енгізу техникасы.

  3. Инсулинді енгізу техникасы

  4. Тері астына инъекцияны орындау

  5. Бұлшық етке инъекцияны орындау

  6. Көктамырға инъекцияны орындау

  7. Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені құрастыру.

ІІІ. Жұмыс қорытындысы:
1.

2.
3.


ІV. Бақылау сұрақтары:

  1. Қолдану көрсетілімдері.

  2. Қарсы көрсетілімдері.

  3. Керекті заттар.

  4. Дәріні енгізу техникасы.



V. Қолданылған әдебиеттер:
М.Ш.Нұрманова, Ж.Т.Матакова, Э.Т.Бейскулова. «Мейірбике ісі негіздері» Қарағанды. «Ақнұр» баспасы 2012жыл


Машықтандыру жұмысы: №6


Тақыры: Аспаптармен жұмыс және өңдеу этаптары кезінде медбикенің қауіпсіздігі.Ампуладан,флаконнан дәрілік заттарды алу.
Мақсаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
І . Жұмыс жоспары.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті, мақта шариктерін, қолғапты, дәрілік ерітіндісі бар ампуланы, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, лотокті, тері антисептигін, егеуішті, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, егу кабинетіндегі дәрігердің ем тағайындаған журналы.
Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындаған парағындағы жазбамен салыстырыңыз.

  2. Дәрілік препараттын атын, оның қоюлығын және дозасын көңіл қойып оқыңыз, ерітіндінің сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз.

  3. Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазартуды жүргізіп, тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

  4. Бір рет қолданылатын шприцті ораудан құрастырыңыз (стандартты қара).

  5. Сол қолға ампуланы алыңыз, оны сәл сілкіңіз, барлық дәрілік ерітінді ампуланың кең бөлігінде болуы керек.

  6. Ампуланың мойнын тері антисептигімен суландырылған мақта шаригімен жоғарыдан төмен қарай қозғалыспен тазартыңыз. Қолданылған мақта шариктерін қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  7. Ампуланың тар жіңішке бөлігін егеуішпен кесіңіз.

  8. Мақта шаригімен ампуланың мойнын орап алып, кесетін жерді сүртіп, ампуланы ашыңыз, оны өзіңізден жылдам қозғалыспен сындырыңыз. Ампуланың сынығын және пайдаланған мақта шариктерін кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  9. Сол қолдың II және III саусақтары арасына ашылған ампуланы алыңыз, оның ашылған бөлігі алақанның ішінде болуы керек.

  10. Оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз. II саусақпен-иненің канюласын, I, III, IV – цилиндрді, V – поршенді ұстаңыз.

  11. Инені абайлап ампулаға 0,5 мм ұзындыққа оның шетіне тигізбей енгізіңіз, сол қолдың IV саусағы канюляда, ал I және V саусақтарғы цилиндрде. Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз, кадағалаңыз, ине үнемі ерітіндіде батырулы болуы керек.

  12. Шамамен сұйықтың азаюы бойынша ампуланың түбін жоғары көтеріп дәрілік ерітіндіні ақырын сорып алыңыз.

  13. Ерітіндіні сорып алған соң инені ауыстырып, иньекцияға арналған инені кигізіңіз. Бір рет қолданылатын шприцпен жұмыс істегенде, ораудағы басқа залалсыздандырылған инені пайдалаңыз.

  14. Сол қолмен шприцті қатаң тіке қалыпта, көз деңгейінде, инесін жоғары қаратып ұстаңыз, ауасын шығарыңыз. (V саусақ – поршенде, ІІ – иненің канюлясында, I, III, IV саусақтар – цилиндрде).

  15. Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, II және III саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап, иненің өткізгіштігін тексеріңіз ауаны және 1-2 тамшы дәрілік ерітіндіні ығыстырып шығарыңыз. Қорғаныш қалпағын инеден алмаймыз.

  16. Шприцті дәрілік ерітіндісімен, тері антисептигімен суландырылған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.

  17. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет