ІІ. Жұмыстың орындалу барысы:
Емшара мақсаты.
Тері ішіне егу жасау техникасы
ІІІ. Жұмыс қорытындысы:
1.
2.
3.
ІV. Бақылау сұрақтары:
Қолдану көрсетілімдері.
Қарсы көрсетілімдері.
Керекті заттар.
V. Қолданылған әдебиеттер:
М.Ш.Нұрманова, Ж.Т.Матакова, Э.Т.Бейскулова. «Мейірбике ісі негіздері» Қарағанды. «Ақнұр» баспасы 2012жыл.
Машықтандыру жұмысы №8
Тақыры: Тері астына егу жасау техникасы.
Мақсаты: емдік - тepi асты майлы тіндерге дәрілік ерітіндіні енгізу,
жергілікті жансыздандыру.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
Қарсы көрсетілімдері: дәрілерге аллергиялық реакцияның болуы,
инъекция жасайтын жерде терінің және тepi асты майлы тіндердің зақымдануы.
Асқынулар: жергілікті қабыну процeci (инфильтрат). дәрілерді қaтeлeciп
енгізу, вирустік гепатит, АКТҚ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок,
сепсис.
Енгізілетін жерлері:иыктың сыртқы бетінің жоғары бөлігі, санныц
алдыңғы бетінің ортаңғы бөлігi, iш перделік беттің алды, жауырын асты
аймағы.
І. Жұмыс жоспары.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1-2 мл бip рет
қолданылатын шприцті, ұзындығы 20 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты,
дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, тepi антисептигі, қауіпсіз жинауға және
жоюға арналған контейнерді.
Ic-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік
ерітінді туралы қажеттімәліметті хабарлаңыз.
2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартып, қолыңызды тері
антисептиктеімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
3. Бip рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз
(стандартты қараңыз).
4. Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз).
5. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.
6. Қолғапты тepi антисептигімен өңдеңіз.
7. Tepi антисептиктерімен суландырған екi мақта шаригімен инъекция
жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз: ең алғаш үлкен көлемді, сосын тұп-
тура инъекция жасайтын жерді (мақта шаригінконтейнерге салыңыз).
8. Сол қолдың IV-V саусақтар арасына тepi антисептигімен
суландырған үшін мақта шаригін салыңыз.
9. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен иненің
канюлясынан, V саусақпен - шприцтің порщенінен, III, IV, I саусақтармен
цнлиндрден ұстаңыз.
10. Инъекция жасайтын жердің тepiciн сол қолдың I және II
саусақтармен үшкілдің негізгі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты
жинаңыз.
11. Tepi қыртысының негізіне инені 45°С бұрышпен ұстап, иненің
ұзындығын 2/3 тереңдікке енгізіңіз, қолдың сұк саусағымен иненің
канюлясынан ұстаңыз.
12. Сол қолды поршенге ауыстырып (бip қолдан екінші қолға шприцті
ауыстырмаңыз), I және II саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап,
саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.
13. Tepi антисептигімен суландырған мақта шаригін инъекция жасаған
жерге койыңыз.
14. Иненің канюлясынан ұстап отырып, жылдам қимылмен
шығарьңыз.
15. Теріден мақта шаригін алмай, инъекция жасалған жерді жеңіл
ұқалаңыз.
16. Инеге қалпағын кигізбей шприцті, мақта шариктерін және қолғапты
қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
18. Науқастың хал-жағдайын сұраңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |