Машықтандыру жұмысы №1 Тақыры: Дәрілерді қолдану жолдары мен әдістері,ішке қабылдайтын дәрі дәрмектерді үлестіру. Мақсаты



бет8/43
Дата31.05.2022
өлшемі149,69 Kb.
#145588
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43
Байланысты:
Гулжан машытандыру

ІІ. Жұмыстың орындалу барысы:
1.Емшара мақсаты.
2.Тері астына егу жасау техникасы


ІІІ. Жұмыс қорытындысы:
1.
2.
3.


ІV. Бақылау сұрақтары:

  1. Қолдану көрсетілімдері.

  2. Қарсы көрсетілімдері.

  3. Керекті заттар.



V. Қолданылған әдебиеттер:
М.Ш.Нұрманова, Ж.Т.Матакова, Э.Т.Бейскулова. «Мейірбике ісі негіздері» Қарағанды. «Ақнұр» баспасы 2012жыл.
Машықтандыру жұмысы №9


Тақыры: Бұлшықет ішіне егу жасау техникасы.
Мақсаты : емдік - бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндінi енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
Қарсы көрсетілімдері: бұлшық ет ұлпаларының атрофиясы, инъекция
жасаған жерде терінің және тepi асты майлы клетчаткаларының зақымдануы,
дәрілік epiтіндігe аллергиялық реакциялар.
Енгізілетін жерлер:бөксенің жоғарғы-сыртқы бөлігі санның алдыңғы
қыр бeтi ортаңғы бөлігi, иықтың сыртқы бетi жоғарғы үштің бip бөлігі .
Асқынулар :иненің сынуы, жүйке бағанасымын зақымдануы, сепсис май
эмболиясы (тамырдың біктелуi), абсцесс (ipіңдi iciк), инфильтрат (қатайған тiн
бөлiгi), вирустік гепатит, АИТВ, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық
шок.
І. Жұмыс жоспары.
Дайындаңыз :залалсыздандырылған: көлемі 5-10 мл бip рет
қолданылатын шприцті, ұзындығы 40-60 мм инъекцияға арналған иненi, мақта
шариктерін қолғаптарды, дәрігер тағайындаған дәрілік epiтіндінi, тepi
антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Ic-әрекет алгоритмі:
1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
2. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оған енгілетін
дәрілікi ерітінді туралы мәлімет беріңіз.
3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектесіңіз:
бөксеге енгізгенде - iшімен немесе қырымен жатқызыңыз;
санға енгізгенде - арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе
буыннан бүгіңіз немесе отырғызыңыз;
иыққа енгізгенде - жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.
4. Инъекция жасайтын жерді киімінен босатыңыз.
5. Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенің жоғарғы-сыртқы
бөлігі).
6. Инъекция жасайтын жepдi саусақпен басып тексеріңіз түйін және
қатаюы болмау керек.
7. Гигиеналық деңгейде қолды жуып, қолыңызды Tepi антисептигімен
өңдеңіз, қолғапты киіңіз (стандартты қараңыз).
8. Шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).
9. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: щприцті
бip рет қолданылатын ораудың iшіне салыңыз. (стандартты қара).
10. Қолғапты тері антисептигімен тазартьңыз.
11. Tepi антисептигіне суландырылған eкi мақта шариктерімен
инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз: алдымен үлкен аймақты,
сосын тұп-тұра инъекция жасайтын жерді. Tepi антисептигіне суландырған
үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақ арасына салыңыз.
12. Оң қолға шприцті алыңыз: V саусақты иненің канюласына; II
саусақпен щприцті поршенінен ұстаңыз; I, III, IV саусақтарды цилиндрге
қойыңыз (поршеннің сабы бос болуы керек).
13. Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің
терісін керіп бекітіңіз .
14. Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприцті терігe
тік 90° бұрышпен ұстап), теріүстінен иненің( ұзындығын 0,5 см-ден кем
қалдырмаңыз.
15. Сол қолды порщенге көшіріп, II және III саусақтармен шприцтің
цилиндірінің жиегінен ұстап, I саусақпен порщенді басып, дәрілік
ерітіндіні енгізіңіз.
16. Tepi антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған
жерге қойыңыз.
17. Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспеи шығарып алыңыз.
18. Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл
ұқалауды жасаңыз.
19. Қолданылған шприцтерді мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз
жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
20. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет