Мақта шротын алу үшін мақта дақылын өсіру технологиясы


Қоза сабағының түп тамыры



бет4/15
Дата07.02.2022
өлшемі68,28 Kb.
#82272
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
қоза баптау жүйесі кітабі (1)

Қоза сабағының түп тамыры. Ол негізгі сабақтан және жан-жақты өсіп шығатын бұтақтардан тұрады. Түп тамырдың негізгі сабағы шиттің сортына және оның өсіп-өну жағдайларына байланысты қалыптасады. Ол сабақтың диаметрі 1,0-1,5 сантиметр болады, кейде 2,0-3,0 сантиметрге дейін жетеді.
20-25 сантиметр тереңдікте сабақ тамырының диаметрі 2-3 миллиметрге дейін жіңішкереді.
Жертбетінен 4-6 сантиметр және одан да көбірек негізгі сабақтың бойында алғашқы кезектегі жанама тамырлар пайда болып, оның жан-жағына тарамданып тереңдей өседі.
Алғашқы кезектегі жанама тамырлардан одан неғұрлым жіңішке екінші кезектегі тамырлар тарайды және осылай жалғаса береді.
Сөйтіп, тамыр жүйесінің жан-жақты тарамданып өсуі қалыңдай түседі.
Тарамдалған жас тамырлар өте нәзік келеді, олардың түсі ақ болады және өте ұсақ талшық тамырлар таратады. Бұл ұсақ тамырлар топырақтан судан еріген минералдық қоректік заттарды сорып алады, сондықтан да оларды әрекет тамырлары деп атайды.
Ал, қатайып кеткен тамырларды өткізгіш тамырлар деп атады. Олар белсенді әрекет тамырлары қабылдаған қоректік заттармен суды тамырдың саба,ына өткізеді, одан әрі ол қоректік заттар сабаққа жетеді, сөйтіп бірте-бірте бұтақтар мен жапырақтарға жайылады. Жапырақтарға сіңгентқоректік заттар органикалық заттарға ауадан келіп түсетін көмір қышықылымен бірге қайта өңделеді.
Түп тамырдың өзекті сабағы вегетациялық өсіп-жетілу кезеңінің аяғына қарай топыраққа 1,9-2,0 метрге дейін тіпті 2,5-3,0 метрге дейін тереңдей түседі.
Түп тамырдың өзекті сабағынан жан-жаққа топырақтың жоғарғы қабттарына жанама тамырлар өсіп таралады. Суармалы жерлерде олардың ұзындығы 0,75-1,0 метрге, тіпті 1,5 метрге дейін жетеді. Алайда, тамыр жүйесінің суармалы жерлердегі жан-жаққа таралатын тамырларының негізгі бөлігі топырақтың жоғарғы 40-50 сантиметрлік қабатына шоғырланады.
Түп тамырдың өзекті сабағының жан-жақты таралатын алғашқы тамырлары өскін жер бетіне көрінгеннен кейін 5-6 күннен соң пайда болады. Бұл кезде өзекті сабақтың биіктігі шамамен 12-15 сантиметрге дейін жетеді.
Қоза өсімдігі өмірінің бірінші кезеңінде оның тамыр жүйесі өте тез жетіледі., дегенмен оның есесіне жер бетіндегі сабағы өте баяу өседі. Мысалы, қоза өскініне 15 күн толғанда оның негізгі өзекті тамыры жер бетіндегі сабағына қарағанда 3-4 есе ұзын болады.
Қозаның тамыр жүйесінің қарқынды өсуі оның нағыз күшті гүлдейтін кезіне дейін жалғаса береді. Осы кезеңге дейін қозаның тамыр жүйесі толық қалыптасып бітеді, оның бұдан кейінгі өсуі өте баяу юолады.
Қоза тамырларының жылдам өсуіне оның сортына байланысты ерекшеліктерінен өзге аса күшті ықпал ететін нәрсе – сыртқы жағдайлар: ауаның температурасы, топырақтың ылғалдылығы, ондағы қоректік заттардың қаншалықты мөлшерде екендігі, тамырларға ауаның қаншалықты дәрежеде жететіндігі, қозаны күтіп-баптау жұмыстары және басқалары. Бұл жағдайлар неғұрлым жақсы, қолайлы боған сайын қозаның тамыр жүйесі соғұрлым тез өседі.
Қозаның тамыр жүйесінің дамуына тыңайтқыштардың тигізетін ықпалыда зор. Тыңайтқыш жақсы енгізілген топырақта қозаның тамыр жүйесі тыңайтқыш енгізілмеген топырақтарға қарағанда өте-мөте жақсы дамып, тез өседі. Бұл ретте фосфордың тигізетін пайдалы ықпалы күшті. Ол белсенді әрекет тамырлары жүйесінің неғұрлым қалың болуына ықпал етеді.
Қозаның тамыр жүйесінің дамуына сонымен қатар топырақтың физикалық және химиялық қасиеттеріде әсерін тигізеді. Атап айтқанды, топырақтың тығыздығы, сортаңдау дәрежесі, жер асты суының қаншалықты тереңдікте екендігі және олардың пайдалану тіртібі де тап осындай ықпал етеді.
Қозаның тамыр жүйесінің дамуына сонымен қатар топырақтың физикалық және химиялық қасиеттеріде әсерін тигізеді. Атап айтқанды, топырақтың тығыздығы, сортаңдау дәрежесі, жер асты суының қаншалықты тереңдікте екендігі және олардың пайдаланылу тәртібі де тап осындай ықпал етеді. Қатқыл да тығыз, ауыр, батпақты топырақта қозаның тамыр жүйесі әлсіз болып өседі, оның тереңге бойлап таралуы мейілінше кемиді.
Бұл ретте «түрен табаны» деп аталатын немесе топырақтың жыртылған қабатының төменгі тығыз бөлігі қатты әсер етеді. Ондай тығыз қабат Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның суармалы жерлерінде 30 сантиметр тереңдікте пайда болады. Түп тамырдың негізгі өзекті сабағы топырақтың осы тығыздалған қабатына жеткеннен кейін бір жағына қарай бұра тартады және қашап әлдебір қуысқа немесе жұмсақ топыраққа жеткенше осы қабаттың жоғарғы жағын бойлай өседі. Сондықтан да топырақты екіқабатты тереңдікте жыртудың немесе топырақты тереңдете қазатын құрылғыны пайдаланудың өте зор маңызы бар.
Топырақтың тұзданып сортандануы қозаның тамыр жүйесінің дамуына келеңсіз ықпал етеді және мұның өзі өсімдіктің өсу мөлшерін кемітуден айқын көрінеді.
Қоза өсімдігінің қатараралығы сирек болған жағдайда оның қоректік заттарды сорып алатын тамырларының жүйесі топырақтың жоғарғы қабаттарында қалыңдай түседі, ал, өсімдіктің қатараралығы жиі болған сайын белсенді әрекет ететін тамырлардың жүйесі неғұрлым тереңге қарай тартады.
Өсімдіктің қатараралығының жиілігін арттыра түсу топырақтың өсімдік жайылған қабатындағы қоректік заттар мен ылғалды неғұрлым интенсивті түрде және неғұрлым тереңдікте пайдалану керектігін көрсетеді.
Қоза өсірілген егістікті өңдеу – культивация жасау, топырақты қопсыту, арамшөптерден арылту топырақтың суға, ауаға және қоректік заттаға қатысты жағдайларын өзгертеді. Мұның өзі қозаның тамыр жүйесінің дамуына оңды ықпалын тигізеді.
Қозаның қатараралығын өңдеп-баптау кезінде оның жүйесіне әртүрлі зиян келтіріледі. Мысалы, өңдеу құралдары оның тамырын жұлып кетеді, кесіп кетеді және жанама тамырларын үзіп кетеді. Ал, тамыр жүйесіне келген елеулі зақым өсімдіктің өсуіне және мол өнім беруіне зиянын қатты тигізеді.
Сондықтан да қозаның тамыр жүйесінің дамуына саналы түрде мұқият көңіл бөлу қажет.
Суармалы мақта шаруашылығы жағдайында бұл міндетті орындау тиісті баптау және суару тәсілдерін қолданудың барысында елеулі түрде жеңілдей түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет