Мақта шротын алу үшін мақта дақылын өсіру технологиясы



бет6/15
Дата07.02.2022
өлшемі68,28 Kb.
#82272
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
қоза баптау жүйесі кітабі (1)
қоза баптау жүйесі кітабі (1), Жаратылыстану
Бұтақтар және бұтақ жаю. Қозаның негізгі бұтағындағы жапырақтар шығатын қуыстарда бүршіктер пайда болады. Осы бүршіктерден бұтақтар тарайды. Әдетте негізгі сабақтың алғашқы екі-үш жапырағының қуыстарында бұтақ пайда болмайды, өйткені ол жапырақтардың қуыстарындағы бүршіктер оянуға әлі әлсіз, нәзік келеді.
Қозаның бұтақтары екі түрлі болады – өсу бұтағы, яғни моноподиялар, және өнім бұтағы, яғни симподиялар.
Өсу бұтақтары негізгі бұтақтың төменгі бөлігінде өседі. Ал, өнім беретін бұтақтар осы өсу бұтақтарынан жоғары бірінен соң бірі негізгі бұтақтың барлық келесі жапырақтарының қуыстарында пайда болады.
Өсу бұтақтары әдетте өнім беретін бұтақтардан қуаттырақ келеді және негізгі бұтақтан сүйір бұрыш жасап жоғары қарай өседі.
Өнім беретін бұтақтар немесе симподиалық бұтақтар өсу бұтақтарынан өзінің пайда болуы тісілі жағынан да, құрылысы жағынан да түбірімен өзгеше келде.
Өнім беретін бұтақ негізгі бұтақтан өсу бұтағына қарағанда неғұрлым сүйір емес бұрыш жасап жан-жаққа қарай өседі.
Симподиалдық бұтақтың алғашқы торап аралығы бүршіктің пайда болуымен аяқталады. Алғашқы торап аралығының соңына қарай әлгі бүршікпен қатар жапырақ өсіп шығады. Осы жапырақтың бір бүршігі өсу бұтағына жақындап, екінші торап аралығын құрайды. Мұның өзі бұтақ таралуының жалғасы болып табылады.
Екінші торап аралығы да, алғашқысы сияқты, бүршік жарумен аяқталады. Оның қатарында да жапырақ пайда болады. Осы жапырақтың қуысынан өсіп шығуңа ұмтылған бүршік келесі үшінші торап аралығын құрайды. Олда бүршік жарумен аяқталады. Бұл жағдай одан әрі жалғаса береді.
Сқйтіп өнім беретін бұтақтың өсу бұтақтарынан айырмашылығы – ол бірнеше үздік-үздік өсіп дамып отырады. Өнім беретін бұтақ әрқашан өнім беретін органның пайда болуымен аяқталады.
Өнім беретін бұтақтардағы аралық тораптың саны негізінен алғанда өсімдіктің қоректену қуатына байланысты: ол не.ұрлым жақсы қоректенсе, бұтақ та сол сияқты күштірек болып өседі және аралық тораптардың саны да көбірек болады.
Алайды, өнім беретін бұтақтың пайда болуының дасқа да түрі бар. Ондай кезде бір ғана аралық торап пайда болады. Ол өсімдіктің қоректену қуатына тіпті де тәуелді емес. өнім беретін бұтақтың мұндай түрі жетілу шегі немесе нқлдік өсу деп атадалы.
Мұндай жетілу шегіне жеткен бұтақтың бойында 1-4, кейде одан да көп өнім беретін органдар пайда болады.
Өнім беретін бұтақтар аралық тораптарының ұзындығы төрт түрлі топқа бөлінеді:
І түрі – қысқарған аралық тораптары ар;
ІІ түрі – орташа аралық тораптары бар;
ІІІ түрі – алшақ аралық тораптары бар;
ІV түрі – өте алшақ аралық тораптары бар.
Аралық тораптар неғұрлым алшақ болған сайын (мысалы, ІІІ және ІV түрлер) оның бұтақтары да соғұрлым ұзын және кең, жайыла өскен бұтаққа айналады. Ал, бұған керсінше, аралық тораптар не.ұрлым қысқа болса (мысалы, І және ІІ түрлер), оның бұтақтары да қысқа келеді және жинақы болып өседі.
Өсімдіктің вегетациялық өсіп-жетілу кезеңінде оның қатарларындағы топырақты өңдеу үшін, сондай-ақ шитті мақта өнімін жинаудың қолайлы болуы үшін қоза бұтасының неғұрлым жинақы, топтанып өскен құрылымы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет