Жаңаны қолдану.
Оқулықтағы №4-тапсырма.
– Таразыдағы шəкілдерге қараңдар. Өлшеңдер. Таразының тілі қандай бөлікте тоқтады. Неліктен?
Егер сіз жерге қоятын таразы əкелсеңіз, оқушылар бірбірлерінің салмақтарын өлшей алады. Көрсеткіштерді жазыңдар жəне салыстырыңдар.
Өткен материалмен өздік жұмыс.
Дəптердегі №1, 2тапсырмалар есептеу біліктілігін бекітуге бағытталған.
|
41–45
|
Рефлексия.
Оқушыларға үй тапсырмасымен бірге өз қалаулары бойынша ежелгі өлшеу құралдары туралы ақпарат тауып келуді тапсырыңыз. Оқушылардан сұраңыз:
–Шəкілді каланы қалай ойлап тапқаны сендерге қызық па? Таразының, сызғыштың, сағаттың шығу тарихын білетіндер бар ма? Мұндай ақпаратты қайдан табуға болады?
Оқушылардың жетістігін бағалаңыз. Олар орындай ала ма:
Түрлі өлшеу құралдарының шəкілін ажырату жəне сол бойынша шамалардың сəйкес мəндерін анықтау;
Шəкілдегі жазбаны қалпына келтіру, əртүрлі өлшеу құралдарының шəкіл бөліктерінің бағасын анықтау жəне сол бойынша шамалардың сəйкес мəндерін анықтау;
Сызғыштың шəкілін дайындау, циферблатта рим цифрларымен жазылған уақытты анықтау, түрлі дереккөздерінен ежелгі өлшеу құралдары туралы ақпарат табу.
|
Жетістік баспалдағы
|