Мұғалім оқушылардан өздерінің сəби кездегі фотосуреттерін əкелуді сұрайды. 1–2 жаста қандай кішкентай болғандарыңды қараңдаршы. Ол кезде бойларың қанша болғанын кім біледі? Жаңа туылған сəбидің бойы қанша болатынын білесіңдер ма?
Мұғалім тағы да топтағы оқушыларды бойлары бойынша, бірақ бұл жолы кему ретімен тұруларын сұрауына болады. Содан соң ұзындық пен салмақтың барлық белгілі бірліктерін еске түсіру керек. Тақтаға кластер құрастыру керек:
Оқушыларға шамаларды түрлі өлшем бірліктерінде қосуды ұсыныңыз. 3см + 5дм; 5дм2см+23см
Мұндай жағдайларды амалдардың жүйелілігін (алгоритм) қалай құрауға болады?
Сабақтың мақсаты:метр (м) бірлігін пайдаланып, шаманы қалай өлшейтінін жəне ұзындық бірліктерін (см, дм, м) олардың арақатынасы негізінде қалай түрлендіруге болатынын еске түсіру.
Жаңаны ашу.
1-тапсырма. Оқушылар тобы бой-бойларымен тұрады. Мұны қалай орындағандарыңды түсіндіріңдер.
Өлшеу құралы – метрге қараңдар. Неліктен оны былай атаған?