34-сабақ. 100-ге дейін санау
Тақырыбы: Менің cыныптас достарым
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
2-сынып:
|
Қатысқандардың саны:
|
Қатыспағандардың саны:
|
Оқу мақсаттары
|
2.1.2.5. ** бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолданып 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу жəне азайтуды орындау; жүздіктерді қосу жəне азайту.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
алдын ала олардың модельдерін құрып, екі таңбалы сандар мен шамаларды оқиды, жазады жəне салыстырады.
|
Бірқатароқушылар:
екі таңбалы сандар мен шамаларды оқиды, жазады жəне салыстырады.
|
Кейбір оқушылар:
алдын ала оларды бірдей санау жəне өлшем бірліктеріне өрнектемей, екі таңбалы сандар мен шамаларды салыстырады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пəндік лексика жəне терминология:
екі таңбалы сан, екі таңбалы сандардың моделі, ауызша қосу жəне азайту, салыстыру.
|
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер. Талқылау:
|
құрылған модельдерді пайдалана отырып, екі таңбалы сандардың қосындысы мен айырмасын табыңдар.
|
Жазу:
екі таңбалы сандар, екі таңбалы сандар модельдері.
|
Тірек білім, білік, дағдылар
|
екі таңбалы сандар, разрядтық қосылғыштар.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-əрекет
|
Ресурстар
|
0–3
|
Ынталандыру.
Мұғалім оқушылардан өзінің сыныптас достары туралы не ойлайтынын, олардың мектепке қандай көңіл күймен келетіні туралы айтуды сұрайды.
Мұғалім оқушыларға сабақтың ұранын оқуды ұсынады:Көп білгің келсе, ерінбей өзің ізден!
Мұғалім оқушылардан осы ұранның негізгі сөзін анықтауды сұрайды. (Өзің.)
- Қызығушылықпен оқуға бола ма? Оқуыңа кім көмектесе алады? (Мұғалім, достарым).
Оқушыларға өткен сабақта қандай тақырыпты оқығандарын, немен айналысқандарын еске түсіру ұсынылады.
|
|
4–6
|
Белсендіру.
Математикалық диктант:
1. Ерлан бір аптада 30 есеп шығарды, ал Асқат 16
|
Тексеруге арналған үлгі.
|
|
есепті кем шығарды. Асқат неше есеп шығарды?
Тұрғын үйдің 100 терезесі бар, бірінші қабатта 48 терезе, қалғандары екінші қабатта. Екінші қабатта неше терезе бар?
Қараша айында Олжаста 80 түрлі түсті қарындаш болды, ал желтоқсан айында оның 37 қарындашы қалды? Олжас неше қарындашын жоғалтты?
Бірінші сатып алушы 16 кг картоп сатып алды, ал екіншісі 7 кг артық алды. Екінші сатып алушы неше кг картоп сатып алды?
«Пломбир» балмұздағының бағасы 100 тиын, ал «Эскимо» 68 тиын тұрады. «Эскимо» «Пломбирден» неше тиынға арзан?
Математикалық диктант аяқталғаннан кейін, жұппен мұғалім көрсеткен үлгі бойынша өзара тексеру жұмыстары жүргізіледі.
|
|
7–11
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |