Математика əдістемелік нұсқау



бет133/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

33-сабақ.Рим цифрлары.



Тақырыбы: Бəрін білгім келеді

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

2.1.1.3.12-ге дейінгі рим нумерациясын оқу, жазу жəне пайдалану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

12-ге дейінгі рим нумерациясысандарын оқу.



Бірқатар оқушылар үшін:

12-ге дейінгі сандардың римнумерациясын қолдану.



Кейбір оқушылар үшін:

12-ге дейінгі рим нумерациясы жазылуындағы цифрлардың шығуын түсіндіру, əртүрлі нумерация туралы білімді интернет көздерінен табу.



Тілдік мақсаттар

Пəндік лексика жəне терминология:Сан, цифр, бір таңбалы, екі таңбалы сандар, саннның жазылуындағы цифрдың орны, ондықтар, бірліктер, қосылғыштардың разрядтық қосындысы, сандарды салыстыру.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талдау:

Рим цифрларын қайдан кездестіруге болады?

Екі таңбалы сан қалай құрылады?

Ондықтар мен бірліктердің қосындысы нені білдіреді?



Жазу:




•сандарды 1-ден 12-ге дейінгі рим цифраларымен жазу.

Тірек білімдер, білік, дағдылар

Екі таңбалы сандың нумерациясы

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0–3

Ынталандыру.

Оқушыларға ұнаған тəсілдері пайдаланады: «Санды тап» ойыны, «Жұптасып тұр. Санды оқы» ойыны жəне т.б.



Сандар жазылған карточкалар.

4–6



Белсендіру.

Оқулықтан №1тапсырманы орындау ұсынылады. Оқушылар рим цифрларына қарап, оларға мұндай таңбалардың қай жерде кездескенін айтады. Мұғалім оларға сандардың жазылуында рим цифрлары қолданылған сағат, ай жəне басқа нұсқаларды көрсетуіне болады.



Оқулық

1-ден 12-ге дейінгірим цифрлары жазылған плакат.



7–11




Мақсат қою (мəселелі жағдаяттар).

- Сіздер рим нумерациясындағы цифрлар нені білдіретінін жəне қалай пайдалануға болатынын білесіңдер ме? Бұл сабақта рим нумерациясындағы цифрлардың неге ұқсайтынын, бұл жүйеде 1-ден 12-ге дейінгі сандарды қалай жазуға болатынын анықтау жəне түсіндіру ұсынылады.



Оқулық, разрядтар кестесі.

12–29



Жаңаны ашу.

Мұғалім жұмыс жоспарын құрады, сұрақтарға жауапберуді ұсынады:



  • Кəдімгі нумерацияда неше цифр бар, ал рим нумерациясында ше?

  • Сандарды қандай таңбалармен белгіледі?

  • Сіз оларды бейнелей аласыз ба?

12-ге дейінгі сандарды жазу үшін рим нумерациясында неге осылай таңбалайтыны туралы ойланындар. Бұдан кейін №2 тапсырмаға көшеді. Жұмысты үлгі бойынша дəптердеорындайды. Оқушылар жыл айларын рим цифрларымен белгілейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет