Математика əдістемелік нұсқау



бет226/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

сабақ.Баға. Сан. Құн

Тақырыбы: Ұлттық кəдесыйлар дүкенінде

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.1.3.6. 50 тг, 100 теңгелік монеталарды, 200 тг, 500 тг купюраларды ажырату жəне түрліше төлем жасау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

•«баға», «сан», «құн» ұғымдарын біледі.



Көптеген оқушылар:

Есеп шығаруда «баға», «мөлшер» (сан), «құн» шамаларының арасындағы тəуелділікті пайдалануды, 200 тг, 500 теңгелік купюралар мен монеталарды ажыратуды жəне олармен түрлі операциялар жүргізуді біледі.



Кейбір оқушылар:

«Баға», «мөлшер» (сан), «құн» ұғымдарына байланысты есептер құрастырады жəне шығарады.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Монеталар мен купюраларды қалай ұсақтауға болатынын түсіндіреді.

«Баға», «мөлшер» (сан), «құн» ұғымдарын түсіндіре алады.



Пəндік лексика жəне терминология:

«Баға» , «сан», «құн».



Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау:

«Баға», «мөлшер» (сан), «құн» деген не екенін айтасың ба?

200 теңгені монеталарға қалай ұсақтауға болатынын айтасың ба? 500 теңгені ше?








Жазу: Өрнектер мен есептердің шарты мен шешуін жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

«Баға», «мөлшер» (сан), «құн» ұғымдары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)



Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3

Қызығушылықты ояту

Тақырыпқа байланысты оқушыларды қатыстыра отырып əңгіме жүргізу.





4–6



Өзектендіру.

Мұғалім сатып алынған зат жəне тауарларға төлем төлеу туралы оқушылардың тұрмыстық білімдерін тексереді. Оқушылардан заттар сатып алуға барғандары туралы əңгімелеседі, «баға», «мөлшер» (сан), «құн» ұғымдары туралы сұрайды.

«Баға», «мөлшер» (сан), «құн» ұғымдарына түсініктеме беретін өз мысалдарыңды келтіріңдер.


Оқулық. Сабаққа тұсаукесер.



7–11




Мақсат қою.

Біз осы сабақта нені үйренеміз?

«Баға», «мөлшер», «құн» не екенін жəне оларды табуды үйренеміз.

Сабақтың мақсаты айқындалады: «баға», «мөлшер» (сан), «құн» ұғымдарына байланысты есептер құрастыру жəне шығару.





12–29




Жаңаны ашу

Мұғалім оқушыларды өзара байланысты шамаларды табу ережесімен таныстырады.



Оқушылар ұжыммен оқулықта жəне дəптерде 1тапсырманы – кесте бойынша есептер құрастырады.



Бұдан кейін əрбір есептің шешуі жəне жауабы жазылады. Мұғалім кестедегі мəліметтерді «шамалар үшбұрышымен» сəйкестендіреді.

Бұдан кейін оқулықтағы келесі суреттер бойынша жұмыс жасалады. Мұғалім əр түрлі елдерге қыдырып барған қонақтар өздері болған жердің өмірі мен тұрмысын бейнелейтін кəдесыйларды үйлеріне алып қайтуға тырысатыны туралы əңгіме жүргізеді.

Біз сіздермен кəдесыйлар сататын дүкенге келдік.



  • Сіздер суреттен қандай кəдесыйларды көріп тұрсыздар?

  • Бағаларын қараңыз.

  • Сіздер осы мəліметтер бойынша есептер құрастыра аласыздар ма?

Кестеде берілген мəліметтерді пайдаланып, оқулықтағы 2тапсырма бойынша есептер құрастыруды ұсынады.

Оқулық, дəптер.




  • Бізге қандай мəліметтер белгілі?

  • Қысқаша жазу үшін қандай сөздерді алуға болады? Ары қарай оқушылар таңдалған санды мəліметтер бойынша есептер құрастырып, жазып жəне шығара отырып, жұппен жұмыс жасайды. Мұғалім жұмысты тексереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет