Бүгінгі математика сабағында біз жылдам əрі дұрыс есептеп қана қоймай, сонымен бірге біздің əрқайсымыз күн тəртібін сақтау үшін не істей алатынымыз туралы білетін боламыз.
4–6
Өзектендіру.
Мұғалім оқушыларға зерттеу есебін береді. Оқулықтағы 1-тапсырма. Өрнектер жұбын қарастырыңдар. Жұптар қалай құрастырылғанын табыңдар. Қандай жұптар дұрыс құрастырылмаған?
Қателерді түзетіңдер.
Оқушылар мысалдардың əр жұбында бірдей жауаптар болатыны, оларды бір көбейту жағдайына келтіруге болатыны, мысалы, 5 7 = 5 + 5 6 (яғни
5-тен 7 рет алдық) туралы қорытынды жасау керек.
Оқулық. Дəптер.
7–11
Мақсат қою.
Оқулықтағы 3-тапсырма – жұппен уақытқа жұмыс істеу. Мұғалім тексеру ұйымдастырады. (Орнынан түсініктеме береді.)
– Жылдам əрі қатесіз санау үшін не қажет болды?
(Көбейту кестесін білу.)
–Барлықтарың тапсырманы жылдам жəне дұрыс орындай алдыңдар ма?
–Біздің сабақтың мақсаты не?
Оқулық.
12–29
Өздік жұмыс
Дəптердегі 1-тапсырма жетістік критерийлері бойынша тексерумен орындалады.
«… есе артық », «...артық» түйін сөздеріне аударады. Оқушылар айырмашылығын анықтайды. Өзіндік жұмыс
Оқулықтағы 4-тапсырманы орындауды ұсынады. Аталған тапсырма топтарда орындалады. Əрбір топ бір шаршыдан таңдайды. Оқушылар кезекпен (келісім бойынша) өрнектер құрастырады, олардың мəндерін табады, жауаптарын салыстырады. Уақыттың созылып кетуін болдырмау үшін жазылған өрнектердің санын (мысалы, алтыдан артық емес) немесе берілген тапсырманы орындауға кететін уақытты (мысалы, 4 минут) анықтауға болады.
Бұдан кейін дəптерден өз бетімен 3-ші жəне 4тапсырмалар орындалады.
Оқулық, дəптер.
41–45
Рефлексия.
–Сабақтың мақсаты қандай болды?
–Кім қателерді түзете алды?
–Кім қателерді түзете алмады?
–Сендердің қателеріңнің себебі неде?
–Қателеріңді түзетуге не көмектесті? (Қателерді түзету алгоритмі, үлгілер, өзін-өзі тексеру үлгілері.)