Математика əдістемелік нұсқау


сабақ. Жиындар жəне оларға амалдар қолдану



бет228/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

сабақ. Жиындар жəне оларға амалдар қолдану

Тақырыбы: Ұлттық əшекейлер.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.4.1.1.Диаграмманың көмегімен бірдей санды жиындардың бірігуін жəне жиындардың бірдей санды бөліктерге бөлінуін көрнекі бейнелеу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

•үлестірмелі материалдармен практикалық амалдардың көмегімен бірдей санды жиындардың бірігуін жəне жиындардың бірдей санды бөліктерге бөлінуін бейнелей алады.



Көптеген оқушылар:

•диаграмма дайындамаларының көмегімен бірдей санды жиындардың бірігуін жəне жиындардың бірдей санды бөліктерге бөлінуін көрнекі етіп бейнелейді.



Кейбір оқушылар:







•диаграмманың көмегімен бірдей санды жиындардың бірігуін жəне жиындардың бірдей санды бөліктерге бөлінуін өздігінен көрнекі етіп бейнелей алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

•жиынныңбірдей санды бөліктерге «бірігуі» мен «бөлінуі» нені білдіретінін түсіндіре алады.



Пəндік лексика жəне терминология.

Диаграмма, «бірігу» жəне «бөліну».



Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау:

Диаграмма қалай құрылғанын айта аласың ба?



Жазу:Өрнектер жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

«Көбейту», «бөлу» ұғымдары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)



Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3

Қызығушылықты ояту. Мұғалім көтеріңкі көңіл күймен оқушылардың назарын өзіне аударып, өлең оқиды.

Қоңырау үні сыңғырлап, Естілді жылы жаныма. Күлкідей əсем сыңғырлап, Ұл-қызды жиды жанына.





4–6



Өзектендіру.

Өрнектерді жаз. Мүмкін болған жерлерде қосуды көбейтумен алмастыр.

Тақтада (құрастырмалы жинақта) 2-ден, 3-тен, 4-тен фигуралар қатары салынған.


Үлестірмелі материал.

Құрастырмалы жинақ.





7–11




Мақсат қою.

Мұғалім оқушылармен бірдей қосылғыштардың қосындысын тапқан кезде қосуды көбейтумен алмастыратыны туралы əңгімелеседі. Мұны графикалық түрде көрсетуге болады. Сабақтың мақсаты айқындалады: заттар жиынын графикалық түрде бейнелеу.





12–29




Жаңаны ашу

Мұғалім үлестірмелі материалдармен практикалық жұмыс ұйымдастырады.

Оқушылар фигуралар топтарын 2-ден (3, 4) қояды жəне оларды біріктіреді.Өрнек түрінде жазады.

Заттар жиынын теңдей бөліктерге бөлу бойынша жұмыс та осыған ұқсас жүргізіледі.



Түсіндіре отырып алғашқы бекіту Оқулықтағы 1, ( а) жəне (ə) тапсырмалар.

Өзіндік жұмыс

Дəптердегі 1, (а) жəне (ə) тапсырмалар бағалау критерийлерін қолданумен орындалады. Бағалау критерийлері



Заттарды теңдей бөліктерге бөлуді білемін.

Оқулық. Дəптер.




Заттарды теңдей бөліктерге бөле аламын.




30–40




Жаңаны қолдану.

Оқулықтағы 2-тапсырманы орындауды ұсынады. Мұғалім жиындардың əрқайсысындағы сандар қандай шартты қанағаттандыратынын нақтылайды. Оқушылар екі жиынның қиылысуында бір уақытта екі шартты да қанағаттандыратын сандардың орналасуы қажеттігін түсінуі қажет.





Өзіндік жұмыс.

Оқулықтағы 3-тапсырманы жеке жұмыс үшін қолданады.

6-тапсырманы «Қателеспе» ойыны түрінде орындатуға болады.

Оқушылар жылдам сандарды атайды жəне көрсетеді.



Оқулық жəне дəптер.

41–45



Рефлексия. Оқушылардың жетістіктерін бағалаңыз:

  • диаграмма дайындамасының көмегімен бірдей санды жиындардың бірігуін көрнекі етіп бейнелей алады;

  • диаграмма дайындамасының көмегімен жəне жиындардың бірдей санды бөліктерге бөлінуін көрнекі етіп бейнелейді.

Жетістік сызғышы.



87-сабақ. ЗВ бөлімі бойынша жиынтық жұмыс.

Оқушыларды ЗВбөлімі бойынша жиынтық жұмыс жүргізуге дайындайды.Оларға жұмыс мақсаттары мен оны орындау ережелерін түсіндіріледі. Жиынтық жұмысты жүргізген кезде достық қарым-қатынас пен тыныштық сақталады.

Осы сабақтың мақсаты: сен мақсатыңа жеткенінді тексер:

Мен:


    • көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысы арқылы табуды, бөлуді нысанның мазмұны бойынша тең бөліктерге бөлу ретінде түсінуді;

    • көбейту жəне бөлу – өзара кері амалдар екенін түсінуді;

    • көбейту жəне бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтауды;

    • 2; 3; 4; 5-ке көбейту кестесін қолдануды;



3С бөлім. Санды жəне əріпті өрнектер. Теңдеулер. Есептер.

88-сабақ.Теңдіктер жəне теңсіздіктер.Санды жəне əріпті өрнектер.

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары. Бəйге.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.2.1.1.Санды жəне əріпті өрнектерді (көбейтінді, бөлінді)/ теңдіктер мен теңсіздіктерді ажырату, құру, жазу жəне оқу.

2.2.1.2. Əріптің берілген мəніндегі екі амалды əріпті өрнектің мəнін табу.



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

•көрнекі (графикалық) тіректерді қолданып, санды жəне əріпті өрнектер құрастырады;

•əріпті өрнектің мəнін əріптің берілген мəні бойынша таба алады.


Көптеген оқушылар:

•екі амалдан тұратын əріпті өрнек құрастыру жəне əріптің берілген мəні бойынша олардың мəнін табуды біледі.



Кейбір оқушылар:

•өрнектерді түрлі белгілері бойынша жүйелей алады.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

• өрнектердің терминін қолданады, санды өрнектерді жəне əріпті өрнектерді оқи алады.



Пəндік лексика жəне терминология: өрнек, санды өрнек, əріпті өрнек.

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау:

Əріпті өрнек деген не екенін түсіндіре аласың ба?

Оның мəнін табуға бола ма?Жауабыңды негізде.


Жазу:Өрнекті жаз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Қосу мен азайту компоненттерінің атаулары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт



Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3



Қызығушылықты ояту.

Мұғалім спорттың денсаулыққа пайдалы екендігі туралы, спорттың көптеген түрлері бар екендігі туралы əңгіме жүргізеді. Көптеген спорт түрлерінде жылдам жəне жақсы санай білу керек. Мұғалім оқушыларды жақсы санай білудің маңыздылығы туралы қорытынды жасауға жетелейді.





4–6



Өзектендіру.

Мұғалім карточкалардағы өрнектерді оқуды ұсынады. Оқушылар амалдардың компоненттерінің атауларын пайдаланулары керек. Мұғалім өрнектердің мəнін табуды өтінеді.



Өрнектер жазылған карточкалар.

7–11


Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Мұғалім оқушыларды мақсат қоюға жетелейді :












– Қандай өрнектердің мəндерін таба алмайсыңдар, жауаптарыңды негіздеңдер.

–Қалай ойлайсыңдар, біз сабақта қандай мақсат қоямыз? (Санды жəне əріпті өрнектердің мəндерін табуды үйрену.)






12–29



Жаңаны ашу

Оқулықтағы 1, 2-тапсырманы орындау.

Орындаған соң мұғалім сұрақтар қояды:

–Терезеге кез келген санды қоюға болатын ба еді? Неліктен?

– Барлығыңда бірдей сандар шықты ма? Неліктен?

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту

Оқушылар екінші өрнектің мəнін əріптердің мəндері белгілі болған жағдайда ғана табуға болатыны туралы қорытындыға келеді.

Ары қарай оқушылар 1- тапсырманы түсініктеме бере отырып орындайды.

Орындалған жұмысты келтірілген критерийлер бойынша бағалайды.



Жаңаны қолдану.

Ары қарайғы топтық жұмыс өрнектерді жүйелеу жəне əріпті өрнектердің мəнін екі амалмен табу біліктерін қалыптастыруға бағытталған. Оқулықтағы 3-тапсырманы оқушылар қандай топтарға бөлуге болатынын талқылайды. Өз таңдауларын негіздейді.

Оқушыларға «Өрнек құрастыр» ойынын ұсынуға болады. Карточкаларда қосындылар мен айырмалар, əріптер, амалдардың таңбалары берілген.

Оқушылар санды жəне əріпті өрнектер құрастырады. Əріптердің мəндерін таңдайды.

Əр топ (немесе жұп) өз жұмыстарын көрсетеді.


Дəптер,

Оқулық,


30–40




Өткенді қолдану

Оқулықтағы 4,5-тапсырмалар өткенді қайталауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Есептер шығаруды жұппен орындауға ұсынуға болады.

Оқушылар өз əрекеттерін негіздей отырып сызбаны толтырады. Мұғалім оқушылар өзін-өзі жəне өзара тексере алатындай үлгі бойынша шешуін тексеруді ұсынуына болады. 6-тапсырма.



  • Шаршылар жиынына жататын фигураларды ата (А, В, С, К). - Қара түсті фигуралар жиынына жататын фигураларды ата (К, N, V, S, F).

  • Үлкен қара фигураларды ата (K, N, V, F).

  • Қызыл дөңгелектегі фигураларды ата (A, B, C, K).

  • Көк дөңгелектегі фигураларды ата (K, N, V, S, F).

Өзіндік жұмыс.

Дəптердегі 2, 3-тапсырмалардыорындауды ұсынады.

Мұғаліморындалған жұмысқа формативті бағалау жүргізеді. Дəптердегі №3 логикалық тапсырма оны шешудің жоспарын ұжыммен талқылауды талап етеді.

Мұғалім сұрақтар қояды:

–Қанша доп алу керек?

–Қандай доптарды алуға болады?

–Доптарды қалай шатаспай, біреуін қалдырып кетпей жəне қайталамастан қалай таңдауға болады?

–Бұдан соң оқушылар дəптердегі дайындаманы өздері толтырады.



Дəптер.

Оқулық.


41–45



Рефлексия. Мұғалім оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған карточкалар ұсынады, оқушылар жалғасын жазады:

  • Əріпті өрнектер дегеніміз – бұл … – Əріпті өрнектің мəнін қалай табады? … – Кімнің сұрақтары бар?...

  • Кімде бəрі дұрыс болды?...

  • Өз жұмыстарыңды оқушының жұмысы ретінде бағалаңдар.

− Жұмысты қандай көңіл күймен аяқтайсыңдар?...

Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалау ұсынылады.



Дəптер.

Жетістіктер жолағы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет