Жаңаны ашу.
№1 тапсырманы практикалық жұмыс түрінде жүргізуге болады. Оқушылар жұптасып қолдарында бар материалдардан (санау таяқшалары, геометриялық фигуралар, қақпақтар, дəндер жəне т.б.) сандардың моделдерін тұрғызады. Оқушылар бірліктерді ондықтарға біріктіреді, ондықтармен санайды, екі таңбалы сандарды құрайды, олардың құрамын атайды.
№1, 2-тапсырмаларды дəптерге орында.
Сандарды жазады. Оның ішінде бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды іріктеп алады.
Мұғалім оқушылардан 100-ге дейінгі сандардың тізбегін құрастыруды сұрайды. Берілген сандардың орнын тізбекте анықтауды оқушылар орындайды.
Дайын 100-ге дейінгі сандар кестесін беруге болады. Топпен жұмыс ретінде кез келген əрбір ондықтағы түрлі сандардың орнын анықтау ұсынылады.
|