Математика əдістемелік нұсқау



бет306/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

сызықтың бойында белгіленген нүктелердің бір-бірлеріне қатысты қалай орналасқандарын анықтау, фигураның периметрі жəне белгілі қабырғалары бойынша белгісіз қабырғасын қалай табуға болатынын білу.

Бірқатар оқушылар үшін:

фигураның периметрі жəне белгілі қабырғасы бойынша белгісіз қабырғасын табу.

Кейбір оқушылар үшін:

формуланы қорытындылап шығару.

Тілдік мақсат

Оқушылар игереді:

фигураның периметрі жəне белгілі қабырғасы бойынша белгісіз қабырғасын қалай табуды түсіндіру.



Пəндік лексика жəне терминология:периметр, қабырғалары, фигуралар.

Диалог/жазу үшін пайдалы сөздердің жиынтығы Талқылау:







Периметр дегеніміз не?

Көпбұрыштың (тіктөртбұрыштың, шаршының) периметрін қалай табуға болады?

Жазу:

Есептердің шартын жазу жəне шығару.

Алдыңғы білімдер

Көпбұрыштың (тіктөртбұрыштың, шаршының) периметрі, қозғалыс бағыттары

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

0-3




Қызығушылықты ояту.

Оқу, білім – жанған шырақ, ойласаң.

Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.

Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал.

Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.

Ж. Аймауытов





4-6




Өзектендіру.

Геометриялық конструктормен практикалық жұмыс. Балалар бөлшектерден шаршы құрастырады жəне оның периметрін есептеп шығарады.





Үлестірмелі материал.

7-11




Мақсат қою

Біз бұл сабақта торкөздер бойынша фигураларды сызуды, тіктөртбұрыштың жəне шаршының периметрін табуды үйренеміз.





12-29



Жаңаны ашу.

Біз бүгінгі сабақта теңізге саяхат жасаймыз.

- Сіздер қандай теңізді мекендеушілерді білесіздер?

1- тапсырмадағы суретке қараңыз.



  • Бұл суреттердің ерекшеліктері неде? (олар торкөздерде)

  • Оларды қайталауға бола ма?

Болады, ол үшін нұсқаулық бойынша нақты орындау керек. Торкөздер бойынша тұрғызуды орындау.

Сіздердің алдарыңызда тұрғызудың басталуы: бастапқы нүктені анықтау қажет (суретте ол көрсетілген). Бұдан кейін бағытын жəне торкөздер санын анықтау.

Балалар жұппен жұмыс жасайды. Біреуі айтып


Оқулық. Дəптер




отырады, ал екіншісі сызады. Одан кейін рөлдерін ауыстырады.

Бұдан кейін балалар тіктөртбұрыштар немесе шаршылар бейнеленген жеке карточкалар алады.

Периметрін табу қжет.

Барлықтарың тапсырманы орындау алдындар ма? Мен берілген шаршының периметрі 24 см екенін білемін.

Оның қабырғалараның ұзындығын табуға бола ма?

Сіздер оны қалай жасауға болатынын білесіздер ме?

Оны білуге болады ма?

Оқулықтағы 2- тапсырма.

Балалар тапсырманы орындайды. Алдымен шаршының периметрін табады, сосын кері есепті құрастырып, қабырғасын табады.

Қандай қорытынды жасауға болады?

Шаршының қабырғасын табу үшін, периметрді 4-ке бөлу қажет (неге екенін түсіндіріңіздер).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет