Ортақ ереже шығарылады:
Бірліктерді бірліктерге қосады, бірліктерді бірліктерден азайтады.
Ондықтарды ондықтарға қосады, ондықтардан ондықтарды азайтады.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
№ 2, а, ə) тапсырмалардың материалы негізінде жүргізіңіз.
Мұғалім тапсырма барысында сұрайды:
40+17, 57–40, 45+3, 58–3 қалай есептейтінін айта аласың ба? – Разрядтар кестесінде өзің амалдар орындайтын екі таңбалы сандарды көрсетіп, санның моделін түсіндіре аласың ба?
Өздік жұмыс
Дəптердегі №1 тапсырма есептеулерін бөліп беруге де, толық беруге де болады. Ары қарай бағалау критерийлері бойынша өзін-өзі бағалау жүргізіледі:
100 көлемінде дұрыс есептеймін;
тəсілді түсіндіре аламын;
есептеулерді жылдам орындай аламын.
|