Бүгін біз денсаулығымызға таза ауада серуендеудің қандай пайда əкелетіні туралы əңгімелесеміз.
–Демалыс күндері отбасымен, достармен қайда баруға болады?
–Бүгін біз тауға жорыққа шығамыз.
Серуенге дайындалу үшін ауызша санаймыз.
–Тапсырма бойынша қажетті жауапты таңдаңдар.
Қай санда 7 ондық, 2 бірлік бар?
8 жəне 7 сандарының қосындысы.
16-дан 8-ді азайт.
37 санының алдында тұрған санды атаңдар.
48-ден кейін тұрған санды атаңдар.
27 жəне 6 сандарының айырмасы.
Егер 5 ондыққа 2 ондықты қосса қанша болады?
42 санынан 5-уі артық сан қандай?
Қай санның 59-дан 6-уы кем?
Сандарды кему, өсу ретімен қойыңдар.
Кему реті деген нені білдіреді?
Ең үлкен саннан ең кіші санға қарай.
Оқушылар кезекпен тақтаға шығады жəне дұрыс жауабы бар карточканы таңдайды. (Жауаптар жазылған карточкалар алдын ала тақтаға ретсіз жапсырылған жəне қосымша жауаптар да берілген.) –72(Г), 15(Е), 8(О), 36(М), 49(Е), 21(Т), 70(Р), 47(И), 53(Я).
Қандай сөз шықты? (Геометрия)
Математиканың бұл бөлімі нені зерттейді? (Фигуралар жəне олардың қасиеттері)
Өрнектер жазылған карточкалар.
4–6
Өзектендіру.
Серуеннің бағытын нақтырақ құру үшін сызбаны зерттейміз.
(Карточкадағы сурет)
–Мына сызбадан қандай фигураларды көріп тұрсыңдар?
–Үшбұрыштарды табыңдар. Олардың саны қанша?
Бірдей үшбұрыштар қанша?
Шаршылар қанша? Олар бірдей (тең) ме?
Мұнда басқа да фигуралар бар ма? Қандай? Барлығы қанша фигура бар?
(Төртбұрыштар, үшбұрыштар.)
Оқушылар тақтаға шығып, фигураларды көрсете отырып санайды.