Математика əдістемелік нұсқау



бет256/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

Өткенді қолдану

Оқулықтағы №4 жəне дəптердегі № 3тапсырманы орындайды.

№5 логикалық есептің жауабы: үстел басында үш адам отырды, олардың біреуі – атасы, екіншісі – оның ұлы , үшіншісі – немересі. Оқушының əкесі бір уақытта əке жəне оқушы болады.


Оқулық, дəптер,



41-45



Рефлексия.

Жетістік деңгейіне бағалау жүргізіңіз.

Сұрақтар:

–Өздерің үшін не жаңалық аштыңдар?

–Қойылған мақсаттарға қол жеткіздік пе?

–Қандай есептерді шығару қиындық туғызды? –Бүгін кімге, қалай көмектестіңдер? Кімді, немен қуанттыңдар?



Жетістік сызғышы



  1. сабақ. Есептер шығару.

Тақырыбы: Қазақ халқының қолөнері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.5.1.7. 2 амалмен орындалатын есептерді (санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген жай есептердің түрлі комбинациялары) модельдеу жəне шығару.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

•санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген жай есептерді шығара алады.

Көптеген оқушылар:

•есептер шығару (санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген жай есептердің түрлі комбинациялары) біледі.

Кейбір оқушылар:

•2 амалдан тұратын есептер құрастырады жəне шығарады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: берілгендер, ізделінді жəне сұрақ арасындағы қатынастарды түсіндіруді.

Пəндік лексика жəне терминология.

Есептің шарты, сұрақ, шешуі, жауап.



Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау:

Түсіндіре аласың ба?

Есепті қалай қысқаша жазуға болады?


Жазу:

Есептің шартын, шешуін жəне жауабын жазу.



Тірек білім, білік, дағдылар

Есептің шарты, кесте, сызба, қысқаша жазба, шешуі, жауап.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)



Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0-3




Қызығушылықты ояту.

Мұғалім қолөнер шеберлері туралы əңгіме жүргізеді. Көптеген бұйымдарды жасау үшін шеберлерге дəлдік керек. Математикадағы дəлдік нені білдіреді? Бізге дəл болу қажет пе (есептеулерде, амалдар таңдауда, жазуда).





4-6




Өзектендіру. Математикалық диктант.

  1. Бақта 16 шие ағашы бар. Бұл алмұрт ағаштарынан 4 ағаш кем. Бақта неше алмұрт ағашы бар?

  2. Бақта 16 шие ағашы бар. Бұл алмұрт ағаштарынан 4 ағаш артық. Бақта неше алмұрт ағашы бар?

  3. Көгалда 14 сиыр жайылып жүр. Олардың саны қойлардан 12-ге кем болды. Көгалда қанша қой жайылып жүрді?

  4. Мектептің қасына 8 шырша отырғызды. Бұл қайыңдарға қарағанда 3 есе кем. Мектеп маңына қанша қайың отырғызды?

  5. Əлима 12 торкөз дəптер сатып алды, бұл жолды

Оқулық




дəптерден 8-і артық. Əлима қанша жолды дəптер сатып алды?




7-11




Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Мұғалім №1 есептің мəтінін оқуды ұсынады.

Оқушылармен бірге сабақтың мақсаты айқындалады: 2 амалдан тұратын есептерді шығару дағдыларын арттыру.


Оқулық

12-29



Оқушылар жұппен № 1 есепті шығарады Өздік жұмыс.

Дəптердегі №1 тапсырма жетістік критерийлерімен салыстырумен орындалады.



Бағалау критерийлері.

Есепті оқи аламын.

Шығару жоспарын анықтай аламын.

Сызба-үлгіні толтыра аламын.

Екі амалды дұрыс орындай аламын.

Өрнекті жазу.

Жауапты жазу.

Қатені түзету.

Мұғалім қате жіберудің себебін анықтайды жəне қате жіберген оқушыларға келесі сызбаны, жаңа есеп құрастырып, шығаруды ұсынады.

Тапсырманы қатесіз орындаған оқушылар, оқулықтағы №2 (б) тапсырма бойынша жұппен (немесе топпен) есептер құрастырады.


Оқулық, дəптер,

30-40




Өткенді қолдану.

Дəптердегі №2-4 тапсырма сараланған жұмыс үшін берілген.



Өздік жұмыс.

№3 жəне 4 есептеу тəсілдеріне берілген тапсырмалар өз бетінше, өзін-өзі немесе өзара тексерумен орындалады.



Оқулық, дəптер

41-45



Рефлексия. Жетістік деңгейіне бағалау жүргізіңіз.

Сұрақтар :

–Өздеріңе жаңа не аштыңдар?

–Қойылған мақсаттарға қол жеткіздік пе?

–Қандай есептерді шығару қиындық туғызды?

–Бүгін кімге қалай көмектестіңдер?





Жетістік сызғышы



  1. сабақ. Бекіту

Тақырыбы: Киіз үй – ата-бабамыздың баспанасы

Мектеп:




Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:




2-сынып:

Қатысқандар саны:




Қатыспағандар саны:




Оқыту мақсаттары

2.1.2.4 ** 2; 3; 4; 5 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу жəне қолдану.

2.5.1.8 Санды өрнектер түрінде барлық арифметикалық амалдарға берілген қарапайым есептерді шешуді; қосу мен азайтуға берілген құрама есептерді санды өрнектер түрінде шығарудың моделін құру.



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

•2-5 –ке көбейту жəне бөлу кестесін қолданады;

•барлық амалдарға берілген жай есептердің шешуін модельдей алады.


Көптеген оқушылар:

•есептердің шешуін амалдар мен өрнектер бойынша жаза алады.



Кейбір оқушылар:

•есептер құрастыруды жəне шығаруды, кері есептер құруды жəне шығаруды біледі.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

есептіңберілгендеріарасындағы қатынастардытүсіндіруді.



Пəндік лексика жəне терминология.

Есептің шарты, сұрақ, шешуі, жауап, өрнек.



Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау:

Есепті шешудегі əр амал нені білдіретінін түсіндіре аласың ба?



Жазу:

Есептің шартын, шешуін жəне жауабын жазу. Есеп бойынша өрнектер құру.



Тірек білім, білік, дағдылар

Есептің шарты, өрнек, қысқаша жазба, шешуі, жауап.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)



Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0-3



Қызығушылықты ояту.

Бұл сабақта біз тек білімімізді ғана толықтырмаймыз, сонымен бірге қазақтардың дəстүрлі үйі – киіз үйдің құрылысын көреміз.





4-6




Өзектендіру.

Оқулықтағы №1. Мұғалім киіз үйдің бөліктеріне қарап, атауды ұсынады. Ары қарай оқушылар өрнектердің мəндерін табады, олардың жауаптарын өсу ретімен орналастырады, киіз үйді тұрғызудың ретін айтады. Осы тапсырманың материалымен оқушылар жеке теңдіктер мен теңсіздіктер құрастырады.



Оқулық

7-11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят) Математикалық диктант алуға болады

8 санын 2 есе арттыру. 20-дан 2 есе кем санды атаңдар.

14 жəне 7 сандарының бөліндісін атаңдар.

4 жəне 2 сандарының көбейтіндісін табыңдар.

Бөлінгіш – 18, бөлгіш – 9 , бөліндіні табыңдар. Үлгі бойынша тексергеннен кейін мұғалім оқушылардан тапсырманы жылдам жəне дұрыс орындау үшін нені білу қажеттігін сұрайды? (2 санына көбейту жəне бөлу кестесін өте жақсы


Оқулық




жатқа білу).

Бұл білімдер бізге есептеулер мен есеп шығаруда көмектеседі.

–Бүгінгі сабақтың мақсаты не?

(Жылдам санау дағдысын бекіту, есептер шығару).






12-29



Өздік жұмыс

Дəптердегі №1, 2 тапсырмалар орындалады. Бағалау критерийлері

2-ге көбейту кестесін білемін.

2-санына бөлуді орындай аламын.

Қате жібермеймін.

Қатені түзету.

Қате жіберген оқушылар оқулықтағы №4 тапсырманы орындайды немесе тренажермен жұмыс жасайды. №2 есептерді шығару – топпен орындалады. Кері есептер құруға ерекше көңіл бөлу керек. Əр топ өз есептер үштігін қорғайды, есептердің шарттары мен санды берілгендерінің арасындағы байланысты түсіндіреді.



Оқулық,дəптер, тренажер 2-ге көбейту кестесі

30-40




Өткенді қолдану

Оқулық пен дəптердегі №3 қысқаша жазба бойынша əңгімеден соң орындалады.

Есепте қанша амал болатынын анықтауға бола ма, түсіндіріңдер.

Ары қарай оқушылар өз беттерінше жұмыс істеп, соңынан тексереді.

Оқулықтағы №5 жəне 6-тапсырмаларды оқушылардың түсіндірулерін тыңдағаннан кейін сыныпта тексеру қажет.

№5: Дина екі суретте де бар болғандықтан, қыздың есімі – Айжан.

№6 тапсырма түсіндіруді қажет етеді:

а) Кесені жеуге болмайтындықтан, үш кесе қалды.

ə) Ауылға тек такси кетіп барады.

б) Мектепке екі оқушы бара жатты, қалғандары – қарама-қарсы кездескен оқушылар.



Өзіндік жұмыс

Дəптердегі №4 – логикалық тапсырма.



Оқулық, дəптер,

41-45



Рефлексия.

Жетістік деңгейіне бағалау жүргізіңіз.

Сұрақтар қояды:

–Біз қойылған мақсаттарға жеттік пе?

–Қай тапсырмаларды шығару қиындық туғызды?


Жетістік сызғышы



103–104-сабақтар. 3С бөлімі бойынша жиынтық жұмыс.

Оқушыларды 3С бөлімі бойынша жиынтық жұмыс жүргізуге дайындайды.

Оларға жұмыс мақсаттары мен оны орындау ережелерін түсіндіріледі.

Жиынтық жұмысты жүргізген кезде достық қарым-қатынас пен тыныштық сақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет