Математика əдістемелік нұсқау



бет252/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Оқыту мақсаттары

2.5.1.5. **Тура жəне жанама тұжырымдармен берілген есептерді (айырмалық салыстыруға қатысты) талдау жəне шығару, кері есептер құрастыру жəне шығару.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

•есептің тура жəне жанама сұрақтарының айырмашылығын түсінеді.



Көптеген оқушылар:

•тура жəне жанама сұрақты есептерді ажыратуды жəне шығаруды біледі.



Кейбір оқушылар:

•тура жəне жанама сұрақтан тұратын есептерді жəне оларға кері есептерді құрастыра жəне шығара алады.



Тілдік мақсаттар



Оқушылар: тура жəне кері сұрақты есептіңберілгендерінің арасындағы қатынасты түсіндіре алады.

Пəндік лексика жəне терминология.

Есептің шарты, тура сұрақ, жанама сұрақ, шешуі, жауап.



Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау: Бұл есептердің қалай байланысқанын түсіндіре аласың ба?

Неліктен есептің шартында «артық» сөзі қолданылады, бірақ біз аз санды табамыз?



Жазу:

Есептің шартын, шешуін жəне жауабын жазу.



Тірек білім, білік, дағдылар

Есептің шарты, кесте, сызба, қысқаша жазба, шешуі, жауап.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)



Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0-3




Қызығушылықты ояту.

Мұғалім ертегі кейіпкерлері туралы əңгіме жүргізеді. Біз неліктен ертегі кейіпкерлерін жақсы көреміз? (Олар мейірімді жəне батыл). Ал оларға зұлымдықпен күресте қандай қасиеттер көмектеседі – тапқырлық пен ептілік. –Бүгінгі сабақта бізге де тапқырлық пен ептілік қажет болады.





4-6


Өзектендіру.

Оқулықтағы 1- тапсырманы орындау.



Оқулық

7-11


Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Мұғалім оқушылардың проблемалық жағдаятты зерттеуін ұйымдастырады.

Оқушылар 2, (а) есептің мəтінін оқиды.

Мұғалім оқушылардың назарын есептің шартындағы негізгі сөздерге аударады (олар 3 есе артық, бұл 3 есе кем).

–Оқушылар мұғаліммен бірге есеп моделіне (үлгісіне) сүйене отырып, есептің берілген арақатынасын анықтайды. Қай сан артық, қай сан кем.

Мақсат қалыптасады: жанама сұрақтары бар есептерді шығаруды үйрену.



Оқулық

12-29



Жаңаны ашу

Оқушылар мұғаліммен бірге жаңа түрдегі есепті талдаудың жоспарын жасайды:

1.Есепті оқу.

2.Кілт сөздерді табу .

3.Ойлану!!! Қандай санды табу керек артық санды ма, кем санды ма?

3.Есеп шартының моделін жасау.

4.Шешуін жазу.

5.Есептің жауабын жазу.

2, (а) тапсырмасы негізінде есептің шешуінің қысқаша жазбасы орындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет