Оқушылар: тура жəне кері сұрақты есептіңберілгендерінің арасындағы қатынасты түсіндіре алады.
Пəндік лексика жəне терминология.
Есептің шарты, тура сұрақ, жанама сұрақ, шешуі, жауап.
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасыТалқылау: Бұл есептердің қалай байланысқанын түсіндіре аласың ба?
Неліктен есептің шартында «артық» сөзі қолданылады, бірақ біз аз санды табамыз?
Жазу:
Есептің шартын, шешуін жəне жауабын жазу.
Тірек білім, білік, дағдылар
Есептің шарты, кесте, сызба, қысқаша жазба, шешуі, жауап.
Жоспар
Жоспарланған уақыт (минут)
Жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
0-3
Қызығушылықты ояту.
Мұғалім ертегі кейіпкерлері туралы əңгіме жүргізеді. Біз неліктен ертегі кейіпкерлерін жақсы көреміз? (Олар мейірімді жəне батыл). Ал оларға зұлымдықпен күресте қандай қасиеттер көмектеседі – тапқырлық пен ептілік. –Бүгінгі сабақта бізге де тапқырлық пен ептілік қажет болады.
4-6
Өзектендіру.
Оқулықтағы 1- тапсырманы орындау.
Оқулық
7-11
Мақсат қою (проблемалық жағдаят)
Мұғалім оқушылардың проблемалық жағдаятты зерттеуін ұйымдастырады.
Оқушылар 2, (а) есептің мəтінін оқиды.
Мұғалім оқушылардың назарын есептің шартындағы негізгі сөздерге аударады (олар 3 есе артық, бұл 3 есе кем).
–Оқушылар мұғаліммен бірге есеп моделіне (үлгісіне) сүйене отырып, есептің берілген арақатынасын анықтайды. Қай сан артық, қай сан кем.
Мақсат қалыптасады: жанама сұрақтары бар есептерді шығаруды үйрену.
Оқулық
12-29
Жаңаны ашу
Оқушылар мұғаліммен бірге жаңа түрдегі есепті талдаудың жоспарын жасайды:
1.Есепті оқу.
2.Кілт сөздерді табу .
3.Ойлану!!! Қандай санды табу керек артық санды ма, кем санды ма?
3.Есеп шартының моделін жасау.
4.Шешуін жазу.
5.Есептің жауабын жазу.
2, (а) тапсырмасы негізінде есептің шешуінің қысқаша жазбасы орындалады.