Математика əдістемелік нұсқау


-сабақ. Өрнектердегі амалдардың орындалу реті



бет260/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   327
Байланысты:
docx1559971764
sabaq-kz attachment matem-546b5f6d8bfd8, Электромагниттік толқындар Бжб
106-сабақ. Өрнектердегі амалдардың орындалу реті.



Тақырып: Су – біздің басты байлығымыз.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.2.1.5 құрамдарында 2-ден артық арифметикалық амалдары болатын, жақшалы жəне жақшасыз əріптік, сандық өрнектерді салыстыру.

2.2.1.6 екі-үш амалды жақшалы жəне жақшасыз өрнектердің мəнін табу.



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Құрамында барлық 4 арифметикалық амалдары болатын, жақшалы жəне жақшасыз өрнектердегі амалдарды орындаудың реті жөніндегі тəртіпті білу.

Бірқатар оқушылар үшін:

Құрамында барлық 4 арифметикалық амалдары болатын, жақшалы жəне жақшасыз өрнектердегі амалдарды орындаудың реті жөніндегі тəртіпті қолдану, жақшалы жəне жақшасыз əріпті жəне санды өрнектерді салыстыру.

Кейбір оқушылар үшін:

Өрнектердегі амалдардың орындалу ретімен байланысты логикалық тапсырмаларды орындау.

Тілдік мақсат

Оқушылар игереді:

Құрамында барлық 4 арифметикалық амалдары болатын, жақшалы жəне жақшасыз өрнектерді дауыстап оқу.



Пəндік лексика жəне терминология:

Амалдар реті, жақшалар, өрнек.



Диалог/жазу үшін пайдалы сөздердің жиынтығы Талқылау:







Амалдардың орындалу ретін түсіндір.

Өрнектердегі амалдардың орындалу ретін өзгерткеннен, нəтиже өзгере ме?

Жазу:

Құрамында барлық 4 арифметикалық амалдары болатын, жақшалы жəне жақшасыз өрнектерді жазу.

Алдыңғы білімдер

Өрнек, қосу мен азайту, көбейту мен бөлу амалдары компоненттерінің атауы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

0-3



Аяғы жоқ, қолы жоқ,



Бiрақ тыныш тұрмайды.

,


Сақтамасаң – қорын тек

Барша тiрлiк қурайды. (Су)



Мақалдың мағынасын түсіндір:

Қызығушылықты ояту. Су туралы жұмбақ шешу:

Сулы жер – нулы жер,

Бұлақты жер – тұрақты жер.

Бүкілтіршілік үшін судың маңызы өте зор екендігін ұғындыру.






4-6



Өзектендіру.

Оқулықтағы 1- тапсырма. Суреттерді қарастырыңыздар.Барлық суреттерге не ортақ? Мұғалім суға деген қандай қамқорлықтың қажеттілігі жөнінде əңгімелеседі. Карточкалардағы өрнектердің мəндерін есептеңіздер.Мысалдардың жауабын салыстырыңыздар.



Оқулық, дəптер

7-11



Мақсат қою (мəселелі жағдаяттар).

  • 1 сыныпта сіздер қандай арифметикалық амалдарды өттіңіздер?

(Қосу мен азайту.)

  • Берілген өрнектердің мəндерін есептеңіздер: 25 –15 –10 = 25 – (15–10) =

  • Жақшасыз өрнекте сіздер амалдарды қандай ретпен орындадыңыздар? (Солдан оңға қарай реті бойынша.)

  • Жақшалары бар өрнекте сіздер амалдарды қандай ретпен орындадыңыздар? (Алдымен жақшаларды, сосын солдан оңға қарай реті бойынша.)

Мына өрнектердің мəндерін сіздер таба аласыздар ма?

12 + 18 : 6 (12 + 18) : 6

Балалар проблемаға тап болады: барлық 4 амалға құрылған өрнектердің амалдарын орындаудың реті белгісіз.











Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

Құрамында барлық амалдар болатын өрнектердің мəндерін табуды үйрену.






12-29



Жаңаны ашу.

12 + 18 : 6 (12 + 18) : 6

Мына өрнектердің қандай айырмашылықтары бар жəне олар несімен ұқсас?

Өрнектердің мəнін біз қалай есептей аламыз?

Оқулықтағы 2-тапсырманың суретіне ұқсас кестені тақтаға іліп қоюға болады.Мұғалім амалдарды орындау ретінің ережелері бар екендігі, оларды қатаң орындау қажеттігі жөнінде хабардар етеді. Бұл ережелерді оқулықтағы (немесе тақтаға ілінген) ережеден оқу қажет. Балалар суретті тағы да қарастырады жəне ұқсас өрнектерді тақтада шығарады. Есепті шығару барысында алгоритмді (оқулықтағыдай) айтып шығуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет