қасиеттерін/көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар үшін:
Қосудың орын ауыстырымдылық жəне терімділік қасиеттерін жəне көбейтудің орын ауыстырымдылық қасиетін білу.
Бірқатар оқушылар үшін:
Тиімді есептеу үшін қосудың орын ауыстырымдылық жəне терімділік қасиеттерін жəне көбейтудің орын ауыстырымдылық қасиетін қолдану.
Кейбір оқушылар үшін:
Тиімді есептеумен байланысты логикалық тапсырмаларды орындау.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар игереді:
Тиімді есептеу үшін амалдардың қандай қасиеттерін қолдануға болатынын түсіндіру.
Пəндік лексика жəне терминология:
қосудың орын ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері жəне көбейтудің орын ауыстырымдылық қасиеті.
Диалог/жазу үшін пайдалы сөздердің жиынтығыТалқылау:
Тиімді есептеу деген не екенін түсіндір.
Есептеулерді қалай тиімді орындауға болатынын түсіндір.
Жазу:
Өрнектерді жазу.
Алдыңғы білім
Өрнек, қосу мен азайту, көбейту мен бөлу амалдары компоненттерінің атауы, қосудың орын ауыстырымдылық жəне терімділік қасиеттері жəне көбейтудің орын ауыстырымдылық қасиеті.
Жоспар
Жоспарланған уақыт (минут)
Жоспарланған іс-шаралар
Ресурстар
0-3
Қызығушылықты ояту.
Мұғалім туған өлкенің əдемілігі, оған деген қамқорлықты, дұрыс қарым-қатынастың қажеттілігі жөніндегі əңгіме жүргізеді.
4-6
Өзектендіру.
Оқулықтағы 1- тапсырма.Суреттерді қарастырыңыздар.Барлық суреттерді ортақ біріктіріп тұрған не?
Карточкалардағы өрнектерді қарастырыңыздар.
Тиімді есептеу деген не?
Карточкалардағы өрнектердің мəнін есептеңіздер. Жағдайлардың əрқайсысында есептеудің қалай тиімді болатынын түсіндіріңіздер.
Оқулық
7-11
Мақсат қою (мəселелі жағдаяттар).
– Сіздер арифметикалық амалдардың қандай қасиеттерімен таныссыздар?(Қосудың орын ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері жəне көбейтудің орын ауыстырымдылық қасиеті) 1- тапсырманы есептегенде ол білімдеріңді пайдаландыңдар ма?
Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?
Тиімді есептеу үшін амалдардың қасиеттерін қолдана отырып, өрнектердің мəндерін табуды үйренеміз.
Оқулық, дəптер
12-29
Өзіндік жұмыс.
Оқулықтағы 2- тапсырма өз бетімен жүргізіледі. Дəптердегі 1- тапсырма бір-бірін өзара тексереді жəне бағалаукритерийлерімен салыстырады. Балалар тапсырманы орындайды жəне өздерінің əрекеттерін түсіндіреді. Содан кейін нəтижелерін бағалау критерийлерімен салыстырады.