118-сабақ. Өткенді бекіту
Тақырыбы: Қазақстанның көрікті орындары
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
2-сынып
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқыту мақсаттары
|
2.5.1.5 көбейту мен бөлудің белгісіз компоненттерін табуға; ұзындық, ені, периметрді табуға берілген есептерді; тура жəне жанама тұжырымдармен берілген есептерді (айырмалық салыстыруға қатысты) талдау жəне шығару; кері есептерді құрастыру жəне шығару.
2.5.1.8 санды өрнектер түрінде барлық арифметикалық амалдарға берілген қарапайым есептерді шешуді; қосу мен азайтуға берілген құрама есептерді санды өрнектер түрінде шығарудың моделін құрастыру.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар үшін:
|
2 амалдан тұратын есептер шығару.
|
Бірқатар оқушылар үшін:
|
2 амалдан тұратын есептер шығару жəне модельдеу.
|
Кейбір оқушылар үшін:
|
2 амалдан тұратын есептер құрастыру жəне шығару.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар игереді:
Берілген есептің неге бір немесе екі амалмен шығарылатынын түсіндіре алу.
Пəндік лексика жəне терминология:
Есеп, шарты, сұрағы, талдау, шешу жоспары, жауабы, өрнек.
|
Диалог/жазу үшін пайдалы сөздердің жиынтығы Талқылау:
|
Есепті сұрағына бірден жауап беруге бола ма? Дəлелдеңдер.
... амалын орындап, нені білуге болады?
Амалдарды орындау ретін түсіндір (алдымен нені білдің, содан соң нені ...)
|
Жазу:
|
Есептің шартын, шешуін, жауабын, есеп бойынша өрнекті жазу.
|
Алдыңғы білімдер
|
Есепті талдап, шығара алу.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт(минут)
|
Жоспарланған іс-шаралар
|
Ресурстар
|
0-3
|
Қызығушылықты ояту.
Біз бұл сабақта математикалық саяхатымызды жалғастырамыз. Туристер келіп, жиі тамашалайтын еліміздің көрікті орындарымен танысамыз.
|
|
4-6
|
Өзектендіру.
Оқулықтағы 1- тапсырма. Мұғалім балаларға есептеулерді орындап, Қазақстанда қандай көрікті орындар барын анықтауды тапсырады.
|
Оқулық
|
7 -11
|
Мақсат қою.
|
Тақта,
|
|
Мұғалім есепке берілген сұлбаны қарастырып, сұраққа жауап беруді ұсынады: Сұлба бойынша есептің неше амалмен шығарылатынын анықтауға бола ма?
Есептің оқушыларға таныс сұлбаларын ұсынуға болады.
– Біздің сабақтың мақсаты қандай?
|
үлестірмелі материалдар, жинақ полотносы
|
12-29
|
Мұғалім 2-тапсырманың шығарылу жоспарын жұпта талқылауды ұсынады.
Өзіндік жұмыс.
Дəптердегі 3- тапсырма критериалды бағалауға берілген.
Бағалау критерийі:
Шарты бойынша есеп құрастырамын.
Есепті шығару тəсілін анықтаймын.
Өрнекті құрастырамын жəне жазамын.
Өрнектің мəнін табамын.
Жауапты жазамын.
Қиындықтарды түзету.
Кімде қиындықтар туындады?
Қай жерінде қате жібердіңдер? Қате жіберудің себебі қандай?
Анықталған қиындықтарды түзету.
Өзіндік жұмыста орындауда қиындықтарға кезіккендерің өз іс-əрекеттеріңнің мақсатын құрыңдар.
(Қосымша тапсырмалар орындау).
Қиындықтарды анықтағандарыңның ары қарай орындайтын жұмыстарыңның мақсаты қандай? (Өзін-өзі тексеру үлгісін қолданып, шешуін түзету).
Қатені түзету алгоритмін қолданамыз.
Əрқайсысы өз оқу мақсатын айтады.
|
Оқулық, дəптер
|
30-40
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |