Мұғалім балалармен не жайында əңгіме айтылып жатқанын басқалардың түсінулері үшін, заттың орналасуын дұрыс түсіндіре білудің қаншалықты маңызды екендігі жөнінде əңгіме-дүкен өткізеді.
4-6
Өзектендіру.
Кесте бойынша мұғалім «Фигураны тап» ойынын жүргізеді.
Балалар орналасуларды (жоғарыда, төменде, оң жақта, сол жақта жəне т.с.с.) дұрыс атауды үйренеді.
Сурет бойынша əңгімелеуді ұсынуға болады. Не қайда орналасқан?
Мұғалім заттардың орналасуын тек ауызша ғана емес басқаша да сипаттауға болатынын хабарлайды. Біз бүгінгі сабақта фигуралар мен заттардың бірбіріне қатысты орналасуын анықтауды үйренетін боламыз.
Оқулық, дəптер.
12-29
Жаңаны ашу.
Мұғалім оқулықтағы №1 тапсырмадағы суретке, координаталарға – цифрлар мен əріптерге балалардың назарларын аудартады.
Суреттегі əрбір шаршыға өзінің атауын – əріп жəне цифр (мысалы, А1, B2 жəне т.с.) беруге болатынын түсіндіреді.
Балалар бұдан кейін бір-біріне заттардың орналасу координаталары жөнінде сұрақтар қойып тапсырманы орындайды.