болады.
Өткенді қолдану.
№2 тапсырма тексеру арқылы есептеуге жəне оқушыларды тез есептеуге ынталандыруға арналған. №4 тапсырма. 2–3 амалдан тұратын жақшалы өрнектер құру.Өрнек құрастыру – жаттығулардың күрделі түрі. Сондықтан оны орындамас бұрын дайындық жұмыстарын жүргізіңіз.Оқушылардан 2–3 амалдан тұратын жақшалыөрнектерді оқуын өтініңіз.
Өздік жұмыс.
Дəптердегі №2,3 тапсырмаларды сараланған жұмыс үшін қолданыңыз. №3 тапсырмадағы 12–13 сандарының үш қосылғыштан тұратын құрамын өзара тексеру арқылы жұппен орындауға болады.
Оқулықтағы №5 тапсырманы жұппен орындауға болады.
Өрнектерді жаз жəне олардың мəндерін тап:
9 жəне 4 сандарының қосындысына 5-ті қос.
8 жəне 6 сандарының қосындысынан 7-ні азайту.
7-ге 13 жəне 9 сандарының айырмасын қосу.
14 жəне 9 сандарының айырмасына 6-ны қосу.
14-тен 12 мен 5 сандарының айырмасын азайту.
3-ке 6 мен 8 сандарының қосындысын қосу.
|