Математика ғылымының ең ежелгі салаларының бірі геометрия. Геометрия, математика тарихында үлкен орын алады және геометриялық фигуралар үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, призма, пирамида, және т б. туралы ғылым



бет4/30
Дата17.06.2018
өлшемі2,51 Mb.
#42793
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

BAC, CBA және ACB бұрыштары берілген ABC үшбұрышының бұрыштары деп аталады. Оларды жалғыз әріппен белгілеп A, В, С деп жазатын боламыз.

Үшбұрыштың кез келген қабырғасы қалған екі қабырғасының қосындысынан кіші болады. Шындығында, ABC үшбұрышының С тебесі АВ кесінде жатқан жоқ, сондықтан АВ<АС+ СВ.


Барлық қабырғаларының қосындысы үшбұрыштың периметрі деп аталады.

Үшбұрыштың төбесін оған қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесінді үшбұрыштың медианасы деп аталады.

Үшбұрыш бұрышының биссектрисасының төбесі мен қарсы қабырға аралыгындағы бөлігін үшбұрыштың биссектрисасы деп атайды.

Үшбұрыштың берілген төбесінен түсірілген биіктігі деп осы төбеден үшбұрыштың қарсы жатқан қабырғасын қамтитын түзуге жүргізілген перпендикулярды айтады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет