Байланысты: 9.Оқу жоспары Математика 4 сынып(1)-конвертирован
Тікбұрышты үшбұрыш (Т) Бұрыштардың шамасына қарай үшбұрыштар үлгілерін қарауды ұйымдастыру.
Оқушылар мынадай үшбұрыштар бар екенін анықтайды:
барлық бұрыштары сүйір;
бір бұрышы тік;
*бір бұрышы доғал.
Қағаз парағын екіге бүктеп, нәтижесінде тік бұрыш үлгісін алатын практикалық әрекетті ұйымдастырыңыз.
Үлгінің шындығында тік бұрыш екенін тексеруді ұсыныңыз.
Оқушылар үлгі бұрышын сызбадағы бұрышқа қабырғалары мен бұрыштары сәйкес келетіндей етіп қойып, тік бұрыштың алынғанына көз жеткізеді.
жасау түрінде жүргізуге болады. Ғарыштық зымыран жасауға болатын үшбұрыштар үшбұрыштар үлгісі ретінде бола алады.
Осы сұлбаны кейінгі сабақтарда әлсіз оқушылар үшін сұлба-тірек ретінде қолдануға болады.
Бір нүктеден шыққан екі сәуледен құралған фигура бұрыш деп аталады. Бұрышты құрайтын сәулелерді бұрыштың қабырғалары, ал сәулелер
шығатын нүктені бұрыштың төбесі деп атайды. Бұрышты «∠» белгісімен және үш әріппен
белгілейді. Бұрыштың төбесін белгілейтін әріп ортасына жазылады.
Жазыңқы бұрыштың
1800-іне тең бұрыш градус
деп аталады. Градус бұрыштың өлшем бірлігі, ол 0 таңбасы арқылы белгіленеді. Бұрыштың градустық өлшемі дегеніміз берілген бұрышта неше градустық бірлік бар екенін
көрсететін сан. Бұрышты градус
үшбұрыштың үлгілері, үшбұрыштардың жіктелуі бар кесте,
тік бұрышты үшбұрыш.
Тақырып бойынша таныстыру рәсімдерінің жиынтығы Геометриялық фигуралар туралы жұмбақтар http://bilimsite.kz/balabaksha/5391-pishinder-bizde-konakta.html
Сұрақ қойыңыз:
Тік бұрыш па жоқ па, оңай тексеру үшін қандай құралды пайдалануға болады?
(Тікбұрышты үшбұрыш).
есебімен өлшеу үшін транспортир пайдаланылады. Транспортир жарты шеңберден тұрады. Жарты шеңбердің центрі бұл транспортирдың центрі болып табылады. Жарты шең- бердің бойында 00-тан бастап 1800-ты қоса екі градустық шкала орналасқан. Санақ басы 00 болып табылады. Транспортир шкаласының әрбір бөлігі 100-қа тең. Градустық өлшемдері тең бұрыштар тең болады. Егер бұрыш екі немесе бірнеше бұрыштардан тұратын болса, онда бұрыштың шамасы оны құрайтын бұрыштардың шамаларының қосындысы тең болады.
(Т) Топпен талқылауды ұсыныңыз:
Екі тік бұрышы бар үшбұрыш бар ма?
*Екі доғал бұрышы?
Бір бұрышы тік, ал екіншісі - доғал? Оқушыларды сабақта қол жеткізулері тиіс
мақсаттарды қоюға ынталандырыңыз.
Оқушылардың саны бойынша
үш түсті шеңбер:
(Ж) Үшбұрыштың үлгілері бар практикалық әрекеттер оқушыларды осындай үшбұрыштар жоқ екеніне сендіреді.
Бұрыштар шамасы бойынша үшбұрыштың анықтамасын беруді ұсыныңыз.
Жауаптарды тыңдаңыз және үшбұрыш түрлерінің дұрыс анықтамасын беріңіз:
сүйір, доғал және тікбұрышты.
(Т) Үшбұрыштардың барлық үлгілерін жіктеу бойынша тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастырыңыз.
Үшбұрыштарды қанша топқа бөлдіңдер?
Қандай белгілері бойынша бөлдіңдер? Оқушылар үшбұрыштардың жіктелуі бұрыштардың шамасы бойынша жүзеге асатындығына көз жеткізеді.
(Т) Мәселелік сұрақ қойыңыз:
Үшбұрыштардың екінші жіктелуі бар ма?
Бастысы, оқушылардың көптеген тең бүйірлі үшбұрыштар, көптеген тең қабырғалы үшбұрыштар бар болғандықтан үшбұрыштарды әржақты, тең қабырғалы және тең бүйірлі деп бөлу жіктеу болып табылмайтындығын түсінуі.
Рефлексия кезеңінде келесідей тәсілді пайдалануға болады:
– Қандай белгілері бойынша үшбұрыштарды топтарға бөлуге болады?
(Т) Топтарда талқыланғаннан кейін үшбұрыш үлгілеріне қайтадан шолу жасалады. Оқушылардың назарын үшбұрыш қабырғаларының ұзындығына аударыңыз. Жауаптардың нұсқаларын тыңдаңыз және тең бүйірлі және тең қабырғалы үшбұрыштардың анықтамасын беріңіз.
Сұрақтар қойыңыз:
Қабырғалардың ұзындығы бойынша үшбұрыштарды қанша топқа бөлуге болады?
Үшбұрыш бірінші жүйенің (бұрыштар бойынша) сыныптарының біріне және екінші
жүйенің сыныптарының біріне жатады ма?
Әрекет рефлексиясы:
(Ұқ) «Бағдаршам» тәсілі арқылы жауаптарды ұжымдық бағалау:
Жасыл - келісемін Қызыл - келіспеймін
Сары - нақтылағым келеді
Бекіту үшін оқушыларға оларды шешу барысында оқушылар үшбұрыштың сүйірбұрышты және әржақты немесе доғал бұрышты және тең бүйірлі болатындығына көз жеткізетін есептерді ұсыныңыз.