Байланысты: 9.Оқу жоспары Математика 4 сынып(1)-конвертирован
Құрама есептер. Сабақ тақырыбын өздігінен анықтау. Сұрақтар дайындаңыз:
Құрама есеп дегеніміз не?
Оның қарапайым есептен айырмашылы неде?
Құрама есепті шығару тәсілдерін атаңыз.
Сандық өрнек дегеніміз не?
Есепті теңдеу құру арқылы шығару әдісі қалай аталады?
Оқушылар қол жеткізу үшін сабақ мақсаттарын тұжырымдайды.
(Тқ) Топтық жұмысты ұйымдастырыңыз (қатар бойынша). Мысалы, есепті теңдеу құрып шығару.
Екі қаладан бір-біріне қарсы екі пойызд шығып 18 сағаттан кейін кездесті. Қалалар арасындағы қашықтық 1620 км болса және бір пойыздың жылдамдығы екіншіден 10 км артық болса, әр пойыздың жылдамдығын анықтаңыз.
Оқушылар теңдеу құру арқылы есепті шығарады.
Сабақты «Ғарыш академиясы» ойыны түрінде ұйымдастыруға болады. Сынып ғарыш академиясы болады, ал оқушылар ғарышқа қатысты тапсырмаларды орындау арқылы ғарышқа шығу үшін дайындықтан өтеді.
Тапсырмаларды қатар бойынша шығаруға болады.
Егер оқушылардың есептерді әртүрлі арифметикалық тәсілдермен шығару дағдылары қалыптаспаған болса немесе оларды табуда қиындыққа кезіксе, төмендегідей әдістемелік тәсілдерді ұсынуға болады:
есеп шығару жоспарын түсіндіру;
Содан кейін есепті амалдар бойынша шешуді ұсыныңыз.
Шешудің екі тәсілін талдап сұраққа жауап беруді сұраңыз:
Шешудің қай тәсілі ыңғайлы? Неліктен?
Оқушылар есеп шығарудың алгебралық тәсілі әдемі әрі ұтымды әдіс деген тұжырымға келуі керек.
жалғастыру;
5. ұсынылғандар шешімдердің арасында «жалған» шешімді табу. Теңдеуді (алгебралық тәсіл) құру барысында қиналған оқушыларға жүйелі қадамдар берілген ескертпелерді таратуға болады:
белгісізді енгізу.
есепте берілген шамаларды осы белгісіз арқылы көрсету.
теңдеу құру.
теңдеуді шешу.
нәтижені түсініп жауап беру.
Рефлексия кезеңінде келесі кестені қолдануға болады:
(Ж.қ) Оқушылардың біреуне есепті амалдап шығаруды, ал екіншісіне – теңдеу құруды ұсынып, жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз.
Шырша безендіру үшін оқушылар шартылдақтар, жарықтандырғыш шамдар және қар ұшқындарын әзірледі – барлығы 138 дана. Жарықтандырғыш шамдардың саны 3-ке, ал қар ұшқындарының саны шартылдақтардан 3 есе көп болып шықты.
Қанша шартылдақ жасалды?
Теңдеу құруда қиындықтарға кезіккен оқушыларға жетекші сұрақтар дайындаңыз:
Шартылдақтар санын әріппен белгілеген ыңғайлы деп ойлайсыз ба?
Шартылдақтардың белгісіз саны арқылы жарықтандырғыш шамдар санын қалай көрсетуге болады? Қар ұшқындарының санын?
Балалар жасаған ойыншықтардың барлығына қандай өрнек сәйкес келеді?
Бұл өрнектің мәні есеп шартында берілген бе? Шығарғаннан кейін оқушылар бір-біріне есепті шешу тәсілін түсіндіреді, бір-бірін тексереді.
Шешу тәсілдерін салыстырып, бұл есепті шығару үшін қай тәсіл ұтымды екенін анықтайды.
Есептерді шығару барысында мұғалім қызығушылық тудырған мәселелер бойынша оқушыларға міндетті түрде кеңес береді.
Оқушылар топтық жұмысты төмендегідей ұйымдастыра алады:
Әр топ (қатар) белгілі бір уақыт ішінде ұсынылған есепті шығарады.
Уақыт аяқталғаннан кейін мұғалім қысқаша жазбалар арқылы есептің шешімін түсіндіру үшін әр топтың (қатардың) бір өкілін тақтаға шығарады.
Қалған оқушылар барлық ұсынылған есептердің шешімін дәптерлеріне жазып алады.
Оқушыларға әртүрлі тәсілдермен шешуге болатын есептерді ұсынуға, оқушыларға бұл тәсілдерді іздеп табуға мүмкіндік беруге болады.
(Жқ) Бірінші алма ағашынан 15 кг алма жиналды, екіншісінен 30 кг. Бұл алмалардың барлығын әр біреуі 5 кг жәшіктерге салынды. Қанша жәшік керек болды?
1-тәсіл. (15+30):5=9(ж.)
2-тәсіл. 15:5+30:5=9(ж.)
Есепті шығарғаннан соң сұрақ қойыңыз: «Неліктен бұл есепті екі арифметикалық тәсілмен шешуге болады?»
(Себебі 15 те, 30 да 5-ке қалдықсыз бөлінеді).
Есепті әртүрлі тәсілдермен шығарғаннан кейін оқушыларға бірнеше шығармашылық тапсырмалар ұсыныңыз.
Мысалы:
Есепті екі тәсілмен шығару үшін 15 және 30-дың орнына қандай сандық деректерді қолдануға болады және неліктен? 10 және 45, 25 және 50 ... бастысы, екі сан 5-ке бөліну керек.
Есепті екі тәсілмен шығару үшін 5-тің орнына қандай сандық деректерді қолдануға болады және неліктен? 3, себебі 15 те, 30 да 3-ке қалдықсыз бөлінеді.
Алмалар 4 кг жәшіктерге салынды. Есепті екі тәсілмен шығару үшін 15 және 30-дың орнына қандай сандық деректерді қолдануға болады және неліктен?
(8 және 32, 16 және 40, яғни екі сан 4-ке қалдықсыз бөліну керек.)
Алма ағаштарынан 21 кг және 27 кг алма жиналды. Есепті екі тәсілмен шығару бір жәшікке қанша кг алма салыну керек және неліктен?
(3 кг, себебі 21 және 27 3-ке қалдықсыз бөлінеді).
5. Осыған ұқсас өрнек арқылы екі тәсілмен шығарылатын есеп құрастырыңыз
(12 +…) : 6