(Т,қ) Білімді бекіту үшін «Тапсырмалар хатқалтасы» ойынын ұсыныңыз.
Әр оқушылар тобына тақырып бойынша тапсырмалар салынған бірдей хатқалталар (конверттер) беріледі. Аз уақыттың ішінде мүмкіндігінше көп тапсырманы орындау қажет. Қай оқушы қай тапсырманы орындайтынын топ мүшелері өз еркімен таңдайды. «Тапсырмалар хатқалтасы» тапсырмасының мысалы мұғалім нұсқаулықтарында берілген.
Рефлексия - Бес саусақ әдісі. Ш (шынашақ) – ойлау үдерісі. Мен қандай білім, тәжірибе алдым?
ШШ (шылдыр шүмек) – мақсатқа жақындық. Мен не істедім және неге жеттім?
О (ортаңғы саусақ) – рухтың күйі. Менің көңілім қандай болды?
С (сұқ саусақ) – қызмет, көмек. Мен немен көмектестім, немен қуанттым, қалай болыстым?
Б (бас бармақ) – сергектік, физикалық форма. Менің физикалық жағдайым қандай болды?