Шамалар арасындағы тәуелділікке көңіл бөліңіз:
a) Қандай шама өзгермейді? ә) Қандай шамалар өзгереді? б) Уақыт қалай өзгереді?
в) Мұндағы орындалған жұмыс көлемі қалай өзгереді?
г) Уақыт қанша есе өзгерді?
ғ) Мұндағы орындалған жұмыс қанша есе өзгерді?
Осындай бақылауларды уақыт өзгерген кезде, бірақ тұрақты өнімділік болған жағдайда жүргізу қажет.
Оқушылардан қорытынды жасауды сұраңыз: өнімділік неғұрлым көп болса, уақыт соғұрлым аз
Оқу бағдарла масына сілтеме
Оқу мақсаттары
Ұсынылған оқыту іс-әрекеттері
Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)
Оқыту ресурстары
жұмсалады; біз жұмысқа неғұрлым көп уақыт жұмсасақ, соғұрлым көп жұмыс орындаймыз.
(Т, қ) «Математикалық домино» ойыныТоптағы әр оқушы карточка алады. Ол екі бөлікке бөлінген: бірінші бөлімде есеп жазылған, екінші бөлімінде – басқа есептің жауабы. Бірінші оқушы өз есебін оқиды. Топтағы бүкіл оқушылар өз бетімен шығарып, спикер дабылымен дұрыс жауап карточкасын көтереді. Мұғалімнен алған карточкада жауап жазылған оқушы жауапты оқып, келесі есепті оқиды. Келесі оқушы жаубын атайды да, өз есебін оқиды және т.с.с.
Оқушыларға өз жұмыстарын бағалауды ұсыныңыз. Кімде кім бүкіл есептерді дұрыс шығарса, сол оқушы «сыйлық» сөзі жазылған
карточканы көтереді, қателер кеткен жағдайда – бос карточканы көтереді.
5.1
Есептер мен математи калық модель
4.5.1.4
шамалар арасындағы тәуелділікке, пропорционал бөлуге, белгісізді екі айырым бойынша табуға берілген есептерді талдау және
шығару;
Пропорционалды шамаларға қатысты есептер (Т)Тақырыпқа кіріспе ретінде оқушыларға түрлі шамалар арасындағы пропорционалды тәуелділікті бақылауды ұсыныңыз. Өтпелі тақырыпты ескере отырып, топтар жұмысын кіші кәсіпорындар түрінде ұйымдастырыңыз: «Кафе»,
«Ателье», «Дүкен», «Шеберхана», «Кір жуу қызметтері», «Жөндеу қызметтері». Сәйкесінше, әр топ өз шамалармен жұмыс істейді, немесе бірнешеуін біріктіріп әрекет жасайды: