Комбинаторика – берілген нысандардан осы немесе басқа жағдайда тәуелді әртүрлі комбинацияларды құрастыруға болатыны туралы сұрақтар зерттелетін математика саласы.
(Т) Тақырыпқа кіріспені ауа-райы жағдайларымен байланыстырыңыз және оқушыларға ауа-райына байланысты киімді таңдауын ұсыныңыз. Қанша үйлестіру нұсқалары болуы мүмкін екендігіне талдау жасаңыз: көк шарф (қалың), өрнегі бар шарф (жұқа), сарғылт
қалпақ (жұқа), қоңыр қалпақ (қалың), қоңыр қолғаптар (қалың), қара қолғаптар (жұқа). Оқушыларға осыған ұқсас тіршілік жағдайларын шешу үшін, 3-сыныпта мүмкіндіктер ағашын қолданғанын естеріне салыңыз. Оқушылар барлық комбинацияларды топпен шығаруы үшін қажетті мөлшердегі киім-кешектер суреттерін ұсыныңыз.
(Ұ) Барлық мүмкіндіктер комбинацияларын іздеуді немесе олардың сандарын есептеуді көздейтін есептердің комбинаторлық есептер деп аталатынын түсіндіріңіз. Басқа нұсқалардың жоқтығын білу үшін, белгілі жүйедегі барлық мүмкін нұсқалар іріктелетін, қарастырылатын әдіс іріктеу әдісі деп аталады.
Сабақтың қол жеткізу керек мазмұны мен мақсаттарын анықтаңыз.
Бір де бір нұсқаны жіберіп алмау мақсатында шешім үшін кесте мен графаны пайдалануға болатынын түсіндіріңіз.
Граф – олардың арасында байланысы бар нысандар жиынтығы. Нысандар графтың шыңы немесе түйіндері ретінде, ал байланыстары доғалар немесе қырлары ретінде беріледі.
(Т/Ұ) Комбинаторлық тапсырмалар қатарын (тәжірибе түрінде шешіңіз) жасап көріңіз:
бес дос кездесіп, тиісті түрде бір-бірімен амандасты. Қанша қол алысу орындалды?
Мереке үшін Даша шарларды сатып алды: қызғылт, жасыл және қызыл. Сынып тақтасын безендіру кезінде ол бұл шарларды қандай тәртіпте орналастыра алатынын көрсетіңіз.
Жаңбыр басталды. Қолшатырлары бар үш дос үйлеріне бара жатыр. Олар қандай тәртіпте жүре
алады?
нұсқаларды іріктеуді немесе олардың санын есептеуді талап ететін есеп.
Комбинаторлық есептерді шешу әдісі:
іріктеу әдісі;
кестелік әдіс;
шешімдердің ықтимал нұсқалары ағашын құрастыру;
граф-схема құрастыру.
Саралауды ойлап көріңіз. Кейбір оқушыларға көмек беріңіз: бағыттауыш сұрақтар, алгоритм, мұғалімге көмек.
2 Бастауыш мектепте комбинаторл ық есепті шешу. - https://infourok.ru/reshenie_kombinatornyh_zadach_v_nachalnoy _shkole-191535.htm Бастауыш сыныптарға арналған комбинаторл ық есептер.
–
http://www.pandia.ru/text/77/466/24053 .php Сингапурлы қ оқыту әдісі. Негізгі түсініктер. http://jas.kz/eski/?p=6724
Қар жауды. Төрт дос шаңғы тебуге кетті. Олар шаңғымен қандай реттілікте жүре алады?
Сөздер Ш, Ц әріптерімен басталатын болса, сиқыршы сиқырында қанша сөз болатынын есепте. Екінші әріп О, И, Е болуы мүмкін. Ал сөздердің Р, К, Х әріптерімен аяқталуы мүмкін. (Ұ) Оқушылармен бірге 2-3 комбинаторлық есептерге талдау жасап, олардың шешімін кестемен және граф көмегімен беріңіз. Қандай әдістің көрнекі болатынын талқылаңыз.
(Т, қ) Оқушыларды төрттікке бөлу үшін,
«Браундық қозғалыс» әдісін пайдаланыңыз.
«Simultaneous Round Table» («Бір уақыттағы раунд тейбл») әдісінің көмегімен жұмысты ұйымдастырыңыз: топтағы 4 қатысушы бір уақытта бөлек парақтарда комбинаторлық тапсырманы шешеді және аяқтаған кезде бір- біріне айналдыра беріп шығады.
Серіктесі жұмысты тексеріп, кері пікірін береді. Критерийлер: