Математика оқу жоспары 2019-2020 оқу жылы 4-сынып Мазмұны



бет100/146
Дата08.02.2022
өлшемі3,63 Mb.
#98162
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   146
Байланысты:
9.Оқу жоспары Математика 4 сынып(1)-конвертирован

2. Аспан әлемінде
Тапсырманы жұпта орындауды ұсыныңыз. Аспан әлеміндегі денелерден қос теңсіздік шешімдерінің жиыны болатын денелерді табуды және қос теңсіздікті дұрыс оқу керек екенін хабарлаңыз. Берілген уақытта ғарыш денесін қаншалықты көп жинаса, сол жұп жеңімпаз аталатынын ескертіңіз. Қос теңсіздікті оқуда қолдау көрсетіп, көмектесіңіз.
Жауабы:
45 < а < 65 оқылуы: а саны 45-тен артық, бірақ 65-тен кем. {50, 55, 60};
45 < 50 < 65 оқылуы: 50 саны 45-тен артық, бірақ 65-тен кем;
45 < 55 < 65 оқылуы: 55 саны 45-тен артық, бірақ 65-тен кем ;
45 < 60 < 65 оқылуы: 60 саны 45-тен артық, бірақ 65-тен кем.
Шығарып көр
Оқушыларға тапсырманы өз беттерінше орындайтынын хабарлаңыз. Әрбір оқушы сабақ барысында жұптық, топтық жұмыс жасау үрдісіндегі алған дағдыларын бекітеді. Тапсырманы орындау барысында жетекші сұрақтар қойыңыз:

  • Теңсіздіктерде ұқсастық бар ма?

  • Қай теңсіздіктерден қос теңсіздік құрар едің?

Сандық теңсіздіктер қасиеттерін қайталау пайдалы:


Қалыптастырушы бағалау әрбір тапсырмадан кейін немесе сабақтың әр сатысынан кейін әртүрлі сұрақтарды қою арқылы пайдаланылуы мүмкін;


«Бағдаршам», «Жұдырықтан бес саусаққа дейін» тәсілдері.

6/11/blog-post.html










- Әріптері бірдей теңсіздіктерден қос теңсіздік







құрастырып көр.

- Қос теңсіздікті оқып бер.

Тапсырманы берілген сұрақтар бойынша өз

бетінше ойланып, дәптерлеріне жазады, бір-

бірімен салыстырады.

Жауабы:

22 < a < 30;

158 < x < 200;

12 < с < 19.

(Ұ) «Артықты жою» стратегиясы.

Қорытынды сұрақтарды дайындаңыз:

- Не себепті осы өрнек алынып тасталды?

- Теңдік, теңсіздік дегеніміз не?

Мәселені шешу арқылы сабақтың тақырыбын

ашып көрсетіңіз.

(Т) Белгісіз сан бірінші және екінші

теңсіздіктің шешімі болып табылатын

жағдайды қарастыруға кеңес беріңіз. Мысалы,

5 < Х, Х < 10

Ойлануға кеңес беріңіз, X 5-тен көп және 10-

нан аз деп айтуға болады ма?

Екі пайымдаудың да шындық екеніне назар

аударыңыз.

Екі теңсіздікті біріктіру мүмкін деп ойлайсыз

ба?

5

Жаңа жазба қарапайым теңсіздіктерден қалай

ерекшеленеді және мұндай теңсіздік қалай

аталуы мүмкін?

Нұсқалар ұсынылғаннан кейін жаңа «қос

теңсіздік» ұғымын таныстырыңыз. Қос

теңсіздікті оқу: X бестен артық және оннан

кем.










Әрбір оқушы қол жеткізуі керек мақсаттарды қоюға және тақырыпты тәуелсіз түрде анықтауға оқушыларды жетелеңіз.
(Т) Осы теңсіздікті қанағаттандыратын X мәндерін атауды сұраңыз. Барлық сандарды жазғаннан кейін, оқушылар осы қос теңсіздіктің бірнеше шешімі екендігін қорытындылап, дәлелдеулері керек.
Сұрақ қоюды пайдаланыңыз:

  • Неліктен 5 саны осы бірнеше шешімдерге кірмейді?

  • 5 және 10 сандары осы бірнеше шешімдерге кіруі үшін не істеу керек?

Күшті оқушыларға теңсіздік белгілері арқылы осы бірнеше шешімнің өз нұсқасындағы жазбасын табуды ұсыныңыз.
Саралау мақсатында күрделіліктің әртүрлі деңгейінде бірнеше тапсырма дайындаңыз.
(Жқ) Алғашқы бекіту үшін сандық сәуледе бір уақытта 3-тен үлкен 7-ден кіші бірнеше сандарды белгілеуді ұсыныңыз.
Өзін-өзі тексеруді және өзара тексеруді (дәптер алмасу), содан кейін эталонды тексеруді ұйымдастырыңыз. Рефлекция сатысында «Табыс сатысы», «Рюкзак»,
«Көңіл-күй планетасы», «Рефлексивті экран» әдістемелерін пайдалана аласыз.







2.2. Теңдік және теңсіздік, теңдеулер.

4.2.2.2.
Мына түрдегі теңдеуді шешу
39 + 490 : k=46
230 x a
+40=1000:2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет