3.1.
Геометрия лық фигуралар және олардың классификас иясы
|
4.3.2.4.
симметриялы және асимметриялы жазық фигураларды ажырата білу және олардың қоршаған әлемнің заттарымен ара қатынасын белгілеу.
|
Симметриялы және асимметриялы жазық фигуралар
(Ұ) Оқушылардан ойланып, симметрия деген не екеніне жауап берулерін сұраңыз. Осы мақсатта
«идеялар қоржыны» немесе «ми шабуылы» тәсілдерін пайдалана аласыз.
Жауаптардан кейін тарихи анықтама беріңіз.
(Ұ) Қоршаған әлемдегі симметриялы заттарды атауларын ұсыныңыз.
(жапырақтар, көбелектер, қар ұшқындары және т.б.).
Қоршаған әлемнің барлық заттары симметриялы болып табылады ма? Оқушыларды тақырыпты өздігінен анықтауға және әрбір оқушының қол жеткізуі керек мақсаттарды қоюға жетелеңіз.
(ЖӨ) Оқушыларға тәжірибе жасап көруді ұсыныңыз. Оқушылардың айнамен практикалық әрекеттерін ұйымдастырыңыз. Айнаны заттың немесе оның бейнесінің сол жағына, оң жағына, үстіне, астына орналастыруға кеңес беріңіз. Оқушылар бір мезгілде сол затты және осіне қатысты симметриялы көрінісін көреді (бұл жағдайда ось
айнаның қыры). Оқушылар заттан жоғары немесе төмен қойылған айнадағы бейнесі төңкерілген болып көрінетінін байқайды. Егер айна заттың сол жағына немесе оң жағына қойылса, онда үстіңгі және астыңғы жағы өзгермейді және оң жақта орналасқан сол жақта және керісінше болады.
|
Тарихи анықтама
Ежелгі уақытта симметрия сөзі үйлесім мен сұлулықтың мағынасында қолданылған. Грек тілінен аударғанда симметрия мөлшерлестікті, пропорционалдылықты, және бөліктердің орналасуындағы ұқсастықты білдіреді.
Жұмысты жұппен, топпен, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, «эвристикалық әңгіме», жабық және ашық сұрақтарды пайдаланыңыз.
Оқушылардың өмірлік бақылауларын геометриялық фигуралармен практикалық әрекеттерінің негізіне салыңыз.
|
Симметрия- Википедия https://kk.wikipedi a.org/wiki
› симметрия табиғатта симметрия табиғатта техникада архит ектурада және
өнерде — суреттерді қараңыз yandex.kz/images
›
симметрия табиғатта техникада архитектурада және т.б. https://www.tarbie
.kz/30254
|