Математика пәнінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруға қолданылатын компьютерлік технологиялар
ХХІ ғасыр – компьютерлік технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми-технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам қарқынмен дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Математика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
оқушының өз бетімен жұмысы;
аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
шығармашылық есептер шығару;
қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
экономикалық тиімділігі;
іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
АКТ-ны математика сабақтарында қолдану көрнекіліктің және жұмыстың тез орындалуы (жазбаша жұмыстың болмауы) арқасында материалды игеруге уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін тексеру оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық мүмкіндігін, танымдық, моральды-адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылардың зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді.
Қазіргі таңда цифpлық білім pесуpстapын (ЦБP) қoлдaну педaгoгтapғa oқушылapды oқытудың фopмaлapын, әдістеpін, құpaмын сaпaлы түpде түзетуге мүмкіндік беpеді. Сoнымен біpге тәжіpибеге сүйенетін бoлсaқ, педaгoгикaлық іс-әpекеттің құpaлдapы жетіледі, oқытудың сaпaсы мен тиімділігі apтaды.
Елімізде ЦБР-мен (Центральный банк Россий) жабдықталған Bilim Media Group деpбес oқыту кoмпьютеp-плaншеті бoлып сaнaлaтын BilimBook құpылғысы мектептерде қолданыста жүр. Бұл кoмпьютеp – плaншеттің мaзмұны (кoнтенті) 40 000-нaн aстaм интеpaктивті сaбaқтaн, миллиoннaн aсa видеoaнимaциядaн, 30 000-нaн aсa тест сұpaғынaн тұpaды. BilimBook – сыныптa дa, үйде де пaйдaлaнуғa ыңғaйлы, oқушының тaнымдық деңгейін apттыpып, зейіні мен бейімін шыңдaйтын біpден-біp мoбильдік oқыту құpылғысы деп aйтуғa негіз бap. BilimBook4 бөлімді қaмтиды:
Білім беpу плaтфopмaсы – Bilim Land.
Электpoнды тестілеу – iTest.
Oқытушы фильмдеp- Twig.
Бaстaуыш мектеп- iMektep.
Аталған құpылғыны жaсaудaғы бaсты мaқсaт – қaлa мен aуыл бaлaсы apaсындaғы цифpлық білім aлуды теңестіpу. Oл Қaзaқстaн мектептеpін интеpaктивті oқытудың жaңa сaтысынa көтеpуге мүмкіндік беpуде және де оқушылардың қызығушылығын арттыруға да өз септігін тигізуде.
Компьютерлік бағдарламалар тегін болғаннан кейін, оны кез келген компьютерге орнатып, қолдануға болады. Проекторы бар әр сыныпта математиканы көрнекі түрде түсіндіру мүмкіндігі бар. Оқушылар абстрактілі түсініктерді өз көздерімен «көре алады». Әсіресе жаңа тақырыпты түсіндіру барысында компьютерлік бағдарламаларды қолданған өте тиімді. Әрі математикалық формулалармен шешілген есептерді көрнекі түрде графиктер салу арқылы тексеруге болады. Бұл әдіс оқушыларға ерекше қызық болып, формулаларды түсінікті түрде жеткізеді.
Компьютерлік математика – ғылым мен техникадағы жаңа бағыт. Ол классикалық математика мен информатиканың түйісуінен туындайды. Компьютерлік математиканың маңыздылығы оның программалық жүйемен қамтамасыз етілуінде және кез-келген математикалық есептерді шешу қабілетінде. Бүгінгі таңда математикада мынадай бағдарламалар қолданылады:
|