Математика пәнінде көлденең және тік жоспарлау негізінде тәжірибелі есептер шығарту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту



бет7/15
Дата02.04.2024
өлшемі1,05 Mb.
#200463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ

4 бөлім. Математика және биология
4.1 Арифметикалық прогрессия
1 топ:
1.Бизнесмен 2015 жылы 50 000 доллар көлемінде пайда алды. Келесі жыл сайын оның табысы өткен жылмен салыстырғанда 200% - ға өсті. Бизнесменнің 2018 жылғы жалпы табысы қандай?
2.Екі дос банкке әрқайсысы 100000 теңгеден салды, ал біріншісі - 10% тоқсан сайынғы есептеумен, ал екіншісі-45% жылдық есептеумен салымға ақша салды. Бір жылдан кейін достар оларға тиесілі пайыздармен бірге ақша алды. Кім үлкен пайда тапты?
2 топ:
1.Бактерия тірі ағзаға түсіп, 20 минуттың соңына қарай екі бактерияға бөлінеді, олардың әрқайсысы келесі 20 минуттың соңына қарай тағы да екіге бөлінеді және осылайша жалғасады. Тәулік соңына қарай бір бактериядан түзілетін бактериялардың санын табыңыз.
2.Тұмаумен ауырған адам бір күнде төрт адамды жұқтыруы мүмкін. 341 адамнан тұратын барлық мектеп оқушылары қанша күннен кейін ауруға шалдығады?



4.2 Геометриялық прогрессия
№1
Шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысы 56-ға, ал оның мүшелерінің квадраттарының қосындысы 448-ге тең. Прогрессияның бірінші мүшесі мен еселігін табыңдар.
№2
Бірінші мүшесі 3-ке, ал қосындысы – ге тең шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның жазыңдар.
№3
Әрбір мүшесі өзінен кейінгі мүшелерінің қосындысынан 10 есе үлкен болатын шексіз кемімелі геометриялық прогрессияны жазыңдар.

№4
Шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысы 3-ке, ал онң мүшелерінің кубтарының қосындысы -ге тең. Осы прогрессияны жазыңдар.


№5
Дене бірінші секундта 7 м, ал келесі секундтардың әрбірінде алдыңғысынан 3 м-ге артық жүріп отырған. Дене тоғызыншы секундта қанша метр жол жүреді?



№6
бұрыштар арифметикалық прогрессия құрайды. Осы прогрессияның бірінші мүшесінен бастап неше мүшесін алғанда олардың косинустарының қосындысы нөлге тең болады?


№7
Еркін түсетін дене бірінші секундта 4,9 мжол жүріп, әрбір келесі секундтарда алдыңғысынан 9,8 м артық жүрген:


1) дене қозғалыс басталғаннан кейінгі жетінші секундта қанша жол жүреді?
2) 7 секунд ішінде қанша метр жол жүреді?
3) 1960 м биіктіктен неше секундта түседі?

№8
Трапеция табандары 26 см және 11 см. Трапецияның бүйір қабырғалары тең 10 бөлікке бқлініп, бөлу нүктелері арқылы трапеция табандарына параллель түзулер жүргізілген. Трапецияның бүйір қабырғалары арасындағы параллель кесінділерінің ұзындықтарын табыңдар


№9
Жинақ банкісіне 10% жылдық өсімімен 10000 тенге салынған болса, төрт жылдан кейін ол қанша теңге болады?


№10
Орман тәжірибе алқабында ағаш сүресінің бір жылдық өсімі 10%. Ағаш сүресінің алғашқы өлшемі жылдан кейін алаңдағы ағаш сүресінің мөлшері қандай болады?


№11
Қабырғасы 4 см квадраттық қабырғаларының орталары екінші квадраттық төбелері, ал екінші квадрат қабырғаларының орталары үшінші квадраттық төбелері, т.т. Осы квадраттар аудандарының геометриялық прогрессия құрайтынын дәлелдеңдер және 7-квадрат ауданын табыңдар.


№12
Жабдықтың бастапқы құны 100000 теңге, оның құны әр жылы 5% -ға кемитін блса, төрт жыл өткенде оның құны қандай болады?







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет