Қанттың бағасы 20%-ға төмендеді. Енді қантты 100 теңгеге бұрынғыға қарағанда неше пайызға көп сатып алуға болатынын анықтаңыз.
Үш жәшік жаңғақпен толтырылған. Екінші жәшіктегі жаңғақ бірінші жәшіктегі жаңғаққа қарағанда 10%-ға, ал үшінші жәшіктегіге қарағанда 20% -ға артық. Егер бірінші жәшікте үшінші жәшікке қарағанда 80 жаңғақ артық болса, бірінші жәшікте қанша жаңғақ болғанын табыңыз.
Бір бумада 150 дәптер бар. Оның 32%-ы торкөз дәптер. Екінші бумада 210 дәптер бар. Оның 20%-ы торкөз дәптер. Барлық дәптердің неше пайызы торкөз дәптер екенін табыңыз.
45 санының 40% және пайда болған санның 40%-ын анықтаңыз.
№1. Дана дүкеннен 18 алма сатып алды. Бұл алмаларды шешесі, әкесі және Дана 2:1:3 қатынасындай етіп бөліп алды. Олардың әрқайсысы неше алмадан алған?
№2. 480 санын 3:5 қатысындай етіп екі бөлікке бөліңіз.
№3. 8 кг-ның 500 г-ға қатынасын есептеңіз.