Математика пәнінде көлденең және тік жоспарлау негізінде тәжірибелі есептер шығарту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту



бет6/15
Дата02.04.2024
өлшемі1,05 Mb.
#200463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ

2 топ тапсырмасы:
1. Екі автомобиль бір мезгілде бір қаладан екіншіге жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы екіншісінен 10 км/сағ артық болғандықтан, 1 сағат ерте жетті. Екі қаланың ара қашықтығы 560 км болатындығы белгілі болса, әрқайсысының жылдамдығын тап. 2.Велосипедші ауылдан станцияға қандай да бір жылдамдықпен, ал қайтарында 5 км/сағ артық жылдамдықпен жүрді. Егер велосипедші барлық жолда 12 км/сағ орташа жылдамдықпен жүрсе, бастарқы жылдамдығы қандай болған?


3 топ тапсырмасы:
1. 1 сағат кешігуді болдырмау үшін қалған 720 км жолда бастапқы жылдамдығын 10 км/с қа арттырды. Поездың кесте бойынша жылдамдығы қандай?
2. Мотоциклші жолдың жартысын белгілі жылдамдықпен жүріп, қалғанында жылдамдығын 20км/сағ қа төмендетті. Егер мотоциклші барлық жолда 37,5 км/сағ орташа жылдамдықпен жүрсе, бастарқы жылдамдығы қандай болған?



3 бөлім. Математика және химия

    1. Қоспа мен қорытпаға немесе концентрация мен проценттік құрамды анықтауға берілген мәтіндік есептер

№1. 30 %-тік және 10 %-тік тұз ерітінділерін араластығанда, 600 грамм 15 %-тік ерітінді алынды. Әр ерітіндіден қаншадан алынған?

№2. Мыс пен қалайы қорытпасының салмағы 12 кг, бұл қорытпаның 45% -і мыс. Жаңа қоспаның құрамында 40% мыс болатындай қоспаға таза қалайыдан қанша қосу керек?


№3. Спирт толтырылған бактан спирттің бір бөлігін құйып алып, бастапқы көлеміне дейін сумен толтырды. Содан кейін бактан бірінші ретте қанша спирт құйып алынса, сонша ерітіндіні құйып алғаннан кейін бакта 49 литр таза спирт қалды. Егер бакта бастапқыда 69 литр спирт болған болса, онда бірінші және екінші жолы бактан қанша литр спирт құйып алынған?






    1. Ерітінділерге арналған есептер

1. Тұзды су ерітіндісіне 100 г су қосты. Нәтижесінде ерітіндідегі тұз концентрациясы 1% ға төмендеді. Ерітіндінің бастапқы массасын анықта,тегер онда 30 г тұз болғандығы белгілі болса.
2. Алтын мен күміс ерітіндісінда 40 г алтын бар. Ерітіндіге 50 г алтын қосқаннан кейін, жаңа қоспа алды және ондағы алтынның үлесі 20% ға артты. Қоспада қанша күміс болды?
3. Екі кран бірлесіп жұмысты 6 істеп бітірді. Егер бірінші кранға жеке жұмыс жасағанға екінішісіне қарағанда 5 сағат уақыт артық керек болса, әрқайсысына жеке қанша уақыт керек?
4. Өнімділігі әртүрлі екі автомат 2 сағ 55 мин қандай да бір деталдар санын жасады. Егер деталь жасау үшін біреуіне екіншісіне қарағанда 2 сағат артық қажет болса, бірінші автоматқа қанша уақыт қажет?
5. Екі слесарь тапсырманы 12 сағатта орындады. Егер тапсырманың жартысын біріншісі, ал қалғанын екіншісі орындаған болса, онда біріншіге екіншіге қарағанда 5 сағат артық қажет болар еді. Әрқайсысы тапсырманы жеке қанша сағатта орындайды?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет