№ 1: Қ абырғасы 4 см болатын шаршы берілген. Оның қабырғаларының орталары екінші шаршының төбелері болып табылады, екінші шаршының орталары үшінші шаршының төбелері және т.с.с. Барлық шаршылардың аудандарының қосындысын табыңыз.
№2. Әшекейлеу.
Ұзындық өлшемдері 4м және 2,5м қабырғаны 36-суретте көрсетілгендей плиткамен әшекейлеу қажет.
1-сұрақ. Берілген қабырғаның ауданы қанша?
Жауабы: ___________ .
2-сұрақ. Бір плитка қанша жерге жетеді?
Жауабы: ___________ .
3-сұрақ. Берілген қабырғаны әшекейлеу үшін шамамен қанша осындай плитка керек?
Жауабы: ___________ .
4-сұрақ. Берілген қабырғаны әшекейлеу кезінде сурет симметриялы болу үшін кем дегенде қанша осындай бүтін плитка керек?
Жауабы: ___________ .
№3. Әшекейлеу .
Қабырғасының ұзындығы 45 см ромб пішінді фигураны 37-суретте көрсетілгендей ромб пішінді плиткамен әшекейлеу қажет.
1-сұрақ. Берілген фигураның ауданы қандай?
Жауабы: ___________ .
2-сұрақ. Берілген фигураны плиткамен толық толтыру үшін плитканың қабырғасы қанша сантиметр болуы керек?