Арифметикалық амалдардың компоненттерінің арасындағы байланысты анықтауға берілген мәтіндік есептер Туристер 140 км өзен арқылы жүріп өтеміз деп жоспарлаған. Егер бірінші күні 5 км, ал әрбір келесі күні алдыңғы күнге қарағанда 2 км артық жүретін болса, онда туристер қанша күн саяхатта болады?
Саптық орманның бөренелерін сақтау кезінде оларды 1-суретте көрсетілгендей етіп орналастырады. Егер оның табанына 10 бөрене қойылса, бір қатар етіп қалағанда қанша бөрене бар?
3. Сырлаушылар бригадасы күн сайын бояу нормасын бірдей метрге көбейте отырып, ұзындығы 630 метр дуалды бояйды. Бірінші және соңғы күнді қосқанда бригада 140 метр дуалды бояғаны белгілі. Сырлаушылар бригадасы барлық қоршауды қанша күн бояғанын анықтаңыз.
Сандардың формуласы қолданылатын мәтіндік есептер
Өзіндік жұмыс 1. Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы екіншісінен 12 см артық. Тіктөртбұрыштың ауданы 405 см2. Тіктөртбұрыштың қабырғаларын табыңыз.
2. Сегізінші сынып оқушылары арасында қыздар мен ұлдар арасындағы салынған доптар санының көбейтіндісі 72, қыздар командасы 6 доп артық салды. Әр команда неше доп салды?
3. Үлкен қоңырау кезінде екі сегізінші снып оқушылары ұзындығы енінен екі есе артық, ал ауданы 800 м2 тік төртбұрыш тәріздес кортта теннис ойнады. Корттың өлшемдерін табыңыз және екі қыз тіктөртбұрыштың диагоналінің ұштарына орналасқан болса, олардың ара қашықтығын табыңыз.
4. Мектеп бітірушілер естелікке бір бірімен фотосурет алмасты. Егер барлығы 870 фотосурет алмасқандығы белгілі болса, неше мектеп бітіруші болған?
5. Жұмысшыларға тік төртбұрыш тәріздес бақшаны қоршау керек болды. Бір қабырғасы екіншісінен 10 метр ұзын. Бақша ауданы 1200 м2. Жұмысшыларғы қанша материал алу керек?