Математика пәнінде көлденең және тік жоспарлау негізінде тәжірибелі есептер шығарту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту



бет2/15
Дата02.04.2024
өлшемі1,05 Mb.
#200463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ

Деңгейлік тапсырмалар


А: Тік төртбұрыштың периметрі 40см. Егер оның қабырғалары ұзындықтарының қатынасы 3 : 2 қатынасындай болса, ауданын табыңдар.


В: Қантты су ерітіндісіндегі судың массасының қанттың массасына қатынасы 17 : 3 қатынасындай. Ондағы судың массасы қанттың массасынан 280 г артық. Қантты су ерітіндісінің концентрациясы неше процент?
А) 28 % ; В)25% ; С) 20%; Д) 15%;
С: Қауын, қарбыз және асқабақтың массасы 19 кг. Қарбыз қауыннан 4 кг ауыр. Қауын мен асқабақтың массаларының қатынасы 2 : 1 қатынасындай. Қауынның, қарбыздың, асқабақтың массасын табыңдар.




    1. Проценттің күрделі өсу формуласы

Тапсырма 1:
Банк есебіне 3% -дық жылдық есептеумен Sо=150000 тг салынған болсын (қарапайым пайыздар). 5 жылдан соң салым мөлшері қандай болады?
Тапсырма 2:
5 %-дық (қарапайым пайыздар) жылдық есептеуімен салымшы банкке Sо=100000 тг салды. Екі жыл 4 ай 20 күннен кейін салымшы есепшотты жапты. Банк салымшыға қанша төлегенін есептейік.
Тапсырма 3:
Салымшы күрделі пайыздар схемасы банкке Sо=150000 тг салды. Банк жыл сайын 8% төлейді. 5 жылдан соң салымшының есепшотында қанша ақша болады?
Тапсырма 4:
Банктің күрделі пайыз бойынша қандай мөлшерлемемен төлегенін анықтаңыз, егер 4 жылда алғашқы сома 2560 тг-ден 6250 тг-ге жетсе.
Тапсырма 5:
11 жылдан соң есепшотта 2 000 000 тг болу үшін жылына 8% төлейтін банкке қанша ақша салу керектігін есептейік (бірінші жағдайда қарапайым пайыз және екінші жағдайда күрделі пайыз болса).


    1. Процентке берілген мәтіндік есептерді алгебралық тәсілмен шешу

Топтық жұмыс
1 тапсырма.
Салушы жылдық 5% қарапайым жеңілдікпен 500 000 теңге салады. 8 жыл өткеннен кейін оның жеке шотында қандай сома болатындығын есептеңіз


2 тапсырма.
Клиент 14 млн тенге 14-ші ақпаннан 23 шілде аралығында банкке ақша салды. Банк бір айдан артық талап етілген «До востребования» салым бойынша қарапайым жылдық салымдардың 24% -ын төлейді. Банк әдісін есептеу кезінде соманы анықтаңыз


3 тапсырма.
Қарыз 3 жыл бойы 500 000 теңге мөлшерінде 18 пайыздық күрделі сыйақы мөлшерлемесі бойынша алынды. Алайда бір жылдан кейін қарызды өтеуге 200 000 теңге төленді. Ақырғы өтеу үшін үш жылдық мерзімнің соңында соңғы өтеу төлемінің сомасын анықтаңыз.


4 тапсырма
Клиент 15 млн тенге 10-ші ақпаннан 19 шілде аралығында банкке ақша салды. Банк бір айдан артық талап етілген «До востребования» салым бойынша қарапайым жылдық салымдардың 24% -ын төлейді. Банк әдісін есептеу кезінде соманы анықтаңыз








    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет