Математика пәнінде көлденең және тік жоспарлау негізінде тәжірибелі есептер шығарту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту



бет8/15
Дата02.04.2024
өлшемі1,05 Mb.
#200463
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ

4.3 Биологияда кездесетін прогрессия
1 топ:
1. Дәрігер емделушіге иммунитет жүйесін нығайту үшін прополис тұнбасын қабылдауды ұсынды. Емделу курсын 5 тамшыдан бастап, әр күн сайын қабылдау дозасын 5 тамшыға артық қабылдап отыруы керек. 40 тамшыға жеткенде, үш күн 40 тамшыдан ішуі керек, содан кейін әр күн сайын дозасын 5 тамшыға азайта отырып 5 тамшыға жеткенше ішуі керек. Егер бір флаконда 20 мл (250 тамшы) болса, емделуші қанша флакон дәрі сатып алуы керек?
2. Асхат үзілісте тоқаш жеді. Тамақ кезінде ішекке 30 дизентериялық таяқшасы түсті. Әрбір 20 минуттан кейін бактериялар бөлінеді ( олар екі еселенеді). 6 сағаттан кейін ішекте қанша дизентерия таяқшасы пайда болады?
2 топ:
1. Жарыста 25 атыстан тұратын оқ ату бойынша әрбір тимеген оқ үшін айып ұпайлары: бірінші тимеген оқ үшін - бір айып ұпай, әрбір келесісі үшін – алдыңғы ұпайға қарағанда 0,5 ұпай артық алынды. 7 айып ұпайын алған мерген қанша рет тигізді?
2.Ұлу ағашқа өрмелеп барады. Бірінші минут ішінде ол 30 см, ал әрбір келесі минутта алдыңғысына қарағанда 5 см артық өрмелейді. Егер қозғалыс ағаш түбінен басталса, ұзындығы 5,25 м ағаштың шыңына қанша уақытта жетеді?



  1. бөлім. PISA тапсырмалары

    1. Сандар: натурал сандар, жай және ондық бөлшектер, бүтін сандар, нақты сандар, қатынас, пайыз және пропорция

НӨМІРЛЕНГЕН ОРЫНДЫҚТАР
1. Концертте аудиториядағы барлық адамдарға сахнаның жақсы көрінісін беру үшін залдағы орындықтар арасында бос орын қалдырылып қойылған. Ол төмендегі жоспарда көрсетілген.

Алдыңғы тоғыз қатардағы орындықтардың жалпы саны қанша?


А) 77
В) 86


C) 87
D) 90
E) 82

2. Джастин, Саманта және Питер түрлі көлемді велосипедтерді тебеді. Келесі кесте олардың велосипедтері дөңгелектің әрбір аяқталған айналымы үшін жүріп өтетін ара-қашықтықты көрсетеді.







Жүріп өтілген арақашықтық, см.

1
айнал ым

2
айнал ым

3
айнал ым

4
айнал ым

5
айнал ым

6
айнал ым

Питер

96

192

288

384

480



Саманта

160

320

480

640

800



Джастин

190

380

570

760

950



Питер өз велосипедін үш аяқталған дөңгелек айналымы ішінде қозғады. Егер Джастин өз велосипедінде соншалықты айналым жасаса, Джастиннің велосипеді Питердің велосипедімен салыстырғанда қаншалықты ұзын ара- қашықтыққа жүреді? Жауаптарды сантиметрлермен беріңіз.


Жауап: ........ cм.
3. Киіз үй – киізбен жабылған қаңқалы көшпелі үй. Киіз үйдің негізгі бөлігі – ағаш қаңқа мен киіз жапқышы. Киіз үйдің сүйегін: жылжымалы керегекөз негізі – кереге, күмбез сырғауыл – уық, жартылай сфералы төбесі – шаңырақ, есік құрайды. Киіз үйдің керегесі бірнеше бөлек бөліктерден – қанаттардан құралады. Қанаттар санына байланысты киіз үйлер төрт қанатты, алты қанатты және т.б. болып бөлінеді.
Кестеде алты қанатты киіз үйдің өлшемдері дұрыс көрсетілген, ал төрт және он қанатты киіз үйлердің өлшемдері ауыстырып берілген.

Киіз үйдің мөлшерлері







Атауы

Қанатының саны

4

6

10

1

Ауданы (кв. м.)

2,05

32

3,8

2

Диаметрі (м)

20

6,75

3,75

3

Уықтың биіктігі (м)

66

2,7

10,1

4

Уықтар саны (дана)

2,28

96

77

5

Ортасының биіктігі (м)

5,1

2,95

158



1-сұрақ: Алты қанатты киіз үйдің өлшемдерін пайдаланып, төрт қанатты киіз үйдің өлшемдерін анықтаңдар.
Жауабы: _______
2-сұрақ: Алты қанатты киіз үйдің өлшемдерін пайдаланып, он қанатты киіз үйдің өлшемдерін анықтаңдар.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет