Математика пәнінде көлденең және тік жоспарлау негізінде тәжірибелі есептер шығарту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту



бет4/15
Дата02.04.2024
өлшемі1,05 Mb.
#200463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ

2 бөлім. Математика және физика


2.1 Қозғалысқа берілген мәтіндік есептерді шығару
Есеп 1. Ара қашықтығы 72 км жолды екі велосипедшінің біреуі екіншісіне қарағанда жарты сағат тез жүріп өтті. Біріншісінің жылдамдығы екіншісінен 2 км/сағ артық. Әр велосипедшінің жылдамдығын табыңыз.
Есеп 2. Таңғы сағат 5-те ара қашықтығы 1080 км А станциясынан В станциясына пошталық поезд шықты. Сағат 8-де В станциясынан А станциясына сағатына пошталық поездан 15 км артық жүретін жүрдек поезд жолға шықты. Егер поездардың жолдың ортасында кездескендігі белгілі болса, поездар қашан кездесті?
Есеп 3. Автобус 240 км жолдың жартысын кесте бойынша жүріп келді. Жолдың ортасында 20 минутқа аялдама жасады. Баратын жеріне уақытымен жету үшін қалған жолда жылдамдығын 4 км/ сағ арттырды. Автобустың алғашқы жылдамдығын табыңыз?






2.2 Түзу бойындағы бірқалыпты қозғалыс

1-мысал. Бурабай ұлттық паркінде екі велосипедші бір уақытта 30 километрлік айналым жасауға аттанды. Бірінші велосипедшінің орташа жылдамдығы екінші велосипедшіден 4 км/сағ-қа артық және ол мәреге екінші велосипедшіден 2 сағат бұрын келді. Мәреге екінші болып келген велосипедшінің жылдамдығын тап.


2-мысал. Қолжазбаны екі корректор бірігіп 8 сағатта тексеріп шығады. Егер корректорлардың біреуіне екіншісіне қарағанда 12 сағат артық уақыт керек болса, онда осы жұмыс көлемін әр корректор жеке өзі қанша уақытта орындайды?





№1. Бірінші құбыр екінші құбырға қарағанда минутына 1 литр су кем өткізеді. Бірінші құбырдың көлемі 110 литр болатын бөшкені толтыруғ,а жұмсайтын уақыты екінші құбырдың көлемі 99 литр болатын бөшкені толтыруға жұмсайтын уақытынан 2 минутқа артық. Бірінші құбыр минутына қанша литр су өткізеді?


№2. Оқушы әр күн сайын бірдей беттер санын оқи отырып, 480 беттік кітапты оқып бітірді. Егер ол кітапты әр күн сайын 16 бетке артық оқыса, онда 5 күнге ерте бітіретін еді. Оқушы кітапты қанша күн оқыды?


№3. Пойыз 1 сағатқа кешігіп келе жатқандықтан, 720 км қашықтықта жылдамдығынан 10км/сағ-қа арттырды. Пойыздың кестелік жылдамдығын тап.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет