1. 1,3,7,15… Тізбектің жетінші мүшесін табыңыз
А) 113
В) 255
С) 127
Д) 32
Е) 63
2. Осыдан үш жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы 12 жас болды. Жеті жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше жас болады?
А) 30
В) 22
С) 32
Д) 27
Е) 25
3. 8; 23; 48; 83; 128; ... сан тізбегі берілген. Келесі санды анықтаңыз
А) 153
В) 183
С) 143
Д) 163
Е) 173
4. Екі санның қатынасы 2:3 қатынасына тең. Егер бірінші санға 10 санын қосса, осы екі санның қатынасы 4:5 қатынасына тең болады. Бірінші санды табыңыз.
А) 50
В) 75
С) 125
Д) 25
Е) 100
5. Амина 4 жаста, оның апасы Назеркенің жасы одан 3 есе үлкен. Назеркенің жасы Аминадан 2 есе үлкен болған кезде, Амина қаншажасқа толады.
А) 12
В) 9
С) 10
Д) 8
Е) 2
6. Неше бөренені 18 рет кескенде, олардан 25 бөлік алынатын анықтаңыз
А) 8
В) 6
С) 7
Д) 1
Е) 9
7. Аманкелді 120 беттен тұратын кітапты 15 күн оқыды. Ол бірнеше күн күніне кітаптың 6 бетін, алқалған күндері күніне кітаптың 11 бетін оқыды. Аманкелді неше күн күніне кітаптың 6 бетін оқығанын табыңыз
А) 8
В) 7
С) 6
Д) 9
Е) 10
8. Көк базарда екі қауын үш асқабаққа, ал үш асқабақ бір қарбызға тең болса, онда бір қарбыз неше қауынға тең болады?
А) 1
В) 2
С) 3
Д) 5
Е) 4
9. Гүлдананың осыдан үш жыл бұрын жасы осыдан үш жыл бұрынғы жасынан үш есе артық. Гүлдана қазір неше жаста?
А) 9
В) 6
С) 4
Д) 10
Е) 8
10. Әкем 45 жаста болғанда, мен 11 жаста болдым, ал қазір әкемнің жасы менің жасымнан үш есе үлкен. Қазір мен:
А) 23
В) 15
С) 17
Д) 21
Е) 19
11. Екі таңбалы санның квадратына немесе бір таңбалы санның кубына тең болатын үш таңбалы санды табыңыз.
А) 169
В) 361
С) 625
Д) 729
Е) 512
12. А нүктесінде тұрған ит өзінен 30 м жерде тұрған түлкіні қуды. Ит бір секіргенде 2 м, ал түлкі бір секіргенде 1 м жерге барады. Түлкі үш рет секірген уақытта ит екі рет секіреді. Ит А нүктесінен қандай қашықтықта түлкіні қуып жетеді?
А) 100м
В) 125м
С) 110м
Д) 115м
Е) 120м
13. Екі таңбалы сан ойша жасырылған. Осы жасырылған саннан үш санына еселі болуының ықтималдылығы қандай?
А) 1\9
В) 1\2
С) 2\3
Д) 1\3
Е) 1\6
14.Фудзи тауына шығуға әр жылы шілденің 1-інен тамыздың 27-сіне дейін рұқсат етілген. Егер осы уақытта Фудзи тауына 200 мыңға жуық адам шықса, күн сайын шамамен қанша адам тауға шығады?
А) 2450
В) 4600
С) 3200
Д) 3400
Е) 3300
15. Егер түнгі сағат 12-де ауа райы бұлтты болса, 96 сағаттан кейін міндетті түрде:
А) аспан ашық болады
В) жаңбырлы болады
С) күн көзі болмайды
Д) аспан бұлтты болмайды
Е) қар жауады
16.Сұрақ белгісінің орнына қандай сан жазылуы керек?
1(27)2 2(64)2 2(?)3
А) 101
В) 80
С) 54
Д) 125
Е) 9
17. 9 қабатты үйде лифт бар. 1-қабатта 2 адам тұрады,ал келесі қабаттарда адам саны алдыңғысынан екі есе көп. Бұл үйде қай қабатта лифттің батырмасын көп болады?
А) 5-қабатта
В) 3-қабатта
С) 4-қабатта
Д) 1-қабатта
Е) 2-қабатта
18 .p+g=3 және p-g=6 берілген. Дұрыс тұжырымды анықтаңыз?
A) g>0
В) g=3 p<0
С) g<0
Д) g=-3 p=6
Е) g=0
19. 600 литр суды 750 миллилитрлік неше ыдысқа құюға болады?
А) 750
В) 800
С) 650
Д) 500
Е) 600
20. Ауылда 1240 үй бар. 80% үйде ит бар, 50% үйде мысық бар. Ең аз дегенде қанша үйде ит те,мысықта бар?
А) 620
В) 372
С) 576
Д) 180
Е) 992