Математика пәнінде көлденең және тік жоспарлау негізінде тәжірибелі есептер шығарту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту



бет11/15
Дата02.04.2024
өлшемі1,05 Mb.
#200463
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ

бөлім. Мәтіндік есептер

1. Біреуі екіншісінен алтыға үлкен екі натурал санның көбейтіндісі 187 – ге тең. Осы сандарды табыңыз.
2. Ені ұзындығынан 4 см артық, ал ауданы 60 см2 тік төртбұрыштың периметрін табыңыз.
3. Бір қабырғасы екіншісінен 10 м артық тік төртбұрыш тәріздес бақша алаңын қоршау керек. Егер бақша алаңы ауданы 1200 м2 болса, онда алаңның ұзындығын табыңыз.
4. Тік төртбұрыштың периметрі 62 м. Егер тік төртбұрыш ауданы 210 м2 болса, онда оның қабырғаларын табыңыз.
5.Егер тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің қосындысы 23 см, ал ауданы 60 см2 болса катеттерді табыңыз.





    1. Контексті(мән-мәтін) тапсырмалар




    1. Жұмыс және еңбек өнімділігіне берілген мәтіндік есептерді шығару

1. Бірінші шеберхана 600 кітапты 12 күнде, екіншісі 6 күнде түптейді. Егер бірлесіп жұмыс атқарса, олар бұл кітаптарды неше күнде түптеп шығады? 

2. Екі бригада 6 күнде 600 жеміс ағаштарын отырғыза алады. Бір бригада бір күнде 60 ағаш отырғыза алады. Қай бригаданың жұмыс өнімділігі артық және қаншаға артық? 


3. Бір орамда 25 м, ал екіншісінде 49 м бірдей мата бар. Екінші орамның құны біріншіден 1440 теңге артық. Әр орамға қанша теңге ақша төленген? 







    1. Бірлесіп жұмыс істеуге берілген күрделі мәтіндік есептер

Есеп 1. Хауызда үш труба бар. Екі труба берлесіп хауызды толтырған уақытта үшінші труба жалғыз өзі толтырады. Екінші труба өзі бірінші трубадан 5 сағат тез, ал үшінші трубадан 4 сағат кем уақытта толтырады. Әр труба жеке жұмыс жасаса, әрқайсысы қандай уақытта хауызды толтырады?
Есеп 2. Екі әріп терушілердің біреуі екіншісіне қарағанда бір бетті 3 минут кем теріп отырады. Егер 1,5 сағатта бір әріп теруші екіншісіне қарағанда 5 бетті артық теретін болса, онда 1 сағатта әрқайсысы қанша беттен әріп теретінін табыңдар?
Есеп 3. А және В пункттерінен бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы екі автомобиль шықты. Екеуі кездескеннен кейін олардың біреуі В пунктіне 1 сағ 15 минуттан соң, ал екіншісі А пунктіне 48 минуттан соң келіп жетті. А және В пунктерінің ара қашықтығы 90 км. Автомобильдердің әрқайсысының жылдамдығын табыңыз.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет