Математика сабақтарында «Tarsia» әдісі көмегімен білім алушылардың белсенділігін арттыру. Садуакасова Жулдыз Аскарбековна Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің Садчиков жалпы білім беретін мектебі»



бет1/2
Дата17.02.2023
өлшемі397,26 Kb.
#169163
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Садуакасова Ж.А. мақала
эссе , эссе

Математика сабақтарында «Tarsia» әдісі көмегімен білім алушылардың белсенділігін арттыру.

Садуакасова Жулдыз Аскарбековна


Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім
бөлімінің Садчиков жалпы білім беретін мектебі» КММ,
математика мұғалімі


Қазіргі уақыт талабына сай білім жүйесінде елеулі өзгерістер орын алып, білім беру мазмұны жаңарып, ілгерілеп келеді. Қоғамда болып жатқан жаңа өзгерістер мұғалімдерден оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа деңгейіне бағыттайтын шығармашыл, креативті ойлайтын, құзыретті, белсенді тұлғаны дамытуды талап етеді. Біз ұстаздар қауымы білімімізді, жаңашылдықты шәкірттерге үйрете жүріп, өзімізді де үйренетініміз рас. «Ұстаздың білімі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіліп қарасаң тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай», - деп Сократ айтқан сөз соның дәлелі іспетті.
Бүгінгі күнде математика пәнін сапалы оқыту ізденістері – пән мұғалімін толғандырып отырған мәселелердің бірі. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалану кез келген мұғалімнің қажеттілігіне бағытталғанын естен шығармауымыз тиіс. Математика сабағында оқушылардың өз бетімен білім алу дағдылырын дұрыс қалыптастыру - мұғалім үшін биік шыңға шыққанмен бірдей болмақ және оның алған қамалы деп те айтуға болады. Сондықтан да, тапсырмаларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажеттігі туындайды. Сол себепті де, мен математика сабағында қолданып, тиімді әрі сәтті шыққан белсенді әдіс-тәсілдердің бір түрі – «Tarsia» әдісімен бөлісуді жөн санадым.
Математика сабақтарында "Tarsia" әдісін қолданған өте тиімді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, сыни ойлау қабілеттерін де арттыруға көмектеседі. Сабақта тарсия әдісін қолданар алдында тапсырмаларды әзірлеу үшін арнайы қосымша жүктеп алуымыз керек немесе онлайн түрінде де жасауға болады, ол үшін кез келген браузерге «тарсия онлайн» деп жазсаңыз жеткілікті. Мен қолданып жүрген қосымша – формулятор Тарсия.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет