Математика сабақтарында «Tarsia» әдісі көмегімен білім алушылардың белсенділігін арттыру. Садуакасова Жулдыз Аскарбековна Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің Садчиков жалпы білім беретін мектебі»



бет2/2
Дата17.02.2023
өлшемі397,26 Kb.
#169163
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Садуакасова Ж.А. мақала

Formulator Tarsia – математика пәнін оқыту үшін әр түрлі басқатырғыштар құрастыруға арналған қосымша. Formulator Tarsia көмегімен тіктөртбұрышты және үшбұрышты кеспе қағаздардан тұратын әртүрлі пазлдар жасауға болады. Пазлдар білім алушылардың шығармашылығын ынталандырудың тамаша құралы болғандықтан, оқушылардың белгілі бір материалды қаншалықты білетінін 100 % қамтуға мүмкіндік береді.
Мысалы, бұл бағдарламада сіз үшбұрышты карточкалар жиынтығынан алтыбұрышты басқатырғышты жасай аласыз, олардың әрқайсысында формулалар немесе есептер болады. Мұндай тапсырмаларды құрастыру үшін бағдарламада кірістірілген редактор бар. Дайын басқатырғыштарды көруге және басып шығаруға болады. Бағдарлама 24 сегменттен тұратын күрделі басқатырғыштарды да, 6 сегменттен тұратын қарапайым басқатырғыштарды да жасай алады. Қосымшаның жұмыс істеу принципін қарастырайық:

  1. Пазл құрылымын таңдау


1-сурет. Пазл құрылымы

  1. «Паркет» таңдау

2-сурет. Паркет



  1. Формулаларды құру және жазу терезесі ашылады. Бірінші жолға тапсырма, екінші жолға жауабы жазылады.

3-сурет. Формулаларды құруға және жазуға арналған терезе





  1. Тапсырмаларды теру үшін арнайы құралдар тақтасын қолдануға болады.


4-сурет. Математикалық формулаларға арналған құралдар тақтасы



  1. Редактордың көмегімен толтырылған дайын кесте шығады.




Сурет-5. Редакордың көмегімен толтыру



Сурет-6. Дайын пазл

«Tarsia» әдісін – математика пәнін оқытуда топтық, жұптық, жеке жұмыстарда қолдануға болады. Математика сабағында пазлдарды дидактикалық құрал ретінде пайдалану оқушылардың бағдарламалық материалды меңгеру нәтижесін жақсартады.


Қазіргі таңда мен 9 сыныпта «Алгебра және геометрия» пәнінен сабақ беремін. Бірсарынды сабақтар материалды толық меңгеруге оқушыларда қызығушылық тудырмайды, сондықтан мен әрқашан жаңа жаңалықтар мен идеяларды іздеймін. Сабақта оқу әрекетін түрлендіруге тырысамын. Алғаш рет 9-сыныпта «Кез келген бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің мәндері» тақырыбына «Tarsia» әдісін қолдандым. Оқушылар жеке және жұппен жұмыс жасады. Оқушылардың пазлдарды жинау ойынына қатысқаны сонша, олар формулаларды тек дәптерден ғана емес, кітаптардан да, интернет көзінен де іздеді. Оқушылар, оның ішінде үздік оқитын оқушылар да, нашар оқитын оқушылар да, барлығы тапсырмаларды орындау барысында 100% жұмылдырылды.
Жалпы математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түседі. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады. Тәжірибе көрсеткендей, әдеттегі бірсарынды сынып сабағындағы оқушылар ойын кезінде өте белсенді болады. Тарсия: оқушының белсенділігін, пәнге құштарлығын, сыни ойлау қабілетін және ізденімпаздығын арттырады, «жасырынып» жатқан қабілеттерін ашуға көмектеседі, өзіне деген сенімділік пайда болады. Оқушы негізгі ұғымдарды еске сақтайды, білім сапасы жақсара түседі, өз сыныптастарымен диалогқа қатысады, бір-біріне қолдау көрсетеді, топта жұмыс жасай білуге дағдыланады, басқаға сын көзбен қарап, тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік алады. Дегенмен де, бұл «Тарсияны күнделікті сабақта қолдану керек» деген мағынаны білдірмейді. Сабақтың түріне, кезеңіне байланысты оқушыларды жалықтырмай тиімді пайдалану – мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалім ойын барысында топтар арасындағы талқылауды, олардың қаншалықты жұмыс жасағандығын бақылау арқылы балалардың пікірлеріне қолдау көрсетіп, тиімді әдістермен басқаруы керек.
«Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады»- деп ұлы ғалым, педагог К.Д.Ушинский бекер айтпаса керек. Оқушылаға сапалы білім беру, адалдыққа ізгілікке баулу- ұстаздардың абыройлы міндеті. Ол үшін күнделікті өмірге еніп жатқан жаңа техналогияны меңгерген білімі жоғары, тәрбиелі ұстаз болуымыз керек. Сонда ғана білім сапасы көтеріледі.
Жаңашыл кәсіби шеберлігі мол ұстаздар ғана білім сапасына кепіл бола алады деп есептеймін. Замана көшінен қалмай кәсіби шеберлігімізді шыңдап бәсекеге қабілетті білімді ұрпақты тәрбиелеп, білім сапасын арттыруымыз керек. Сонда ғана қарыштап дамып бара жатқан көштен қалмай, сапалы білім, саналы тәрбие беретін кәсіби шеберлігі мол ұстаз бола аламыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет