Математика секциясы



бет3/8
Дата07.02.2022
өлшемі302 Kb.
#94613
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
«Сандардан құралған сақиналардың сиқыры»
6сынып ктж инклюзив, Сәкен Сейфуллин1
Abstract (Annotation)
The name of scientific project: Ring of magic figures


The purpose of project: showing importance of ordinary arithmetic and logic problems to show importance of knowledge of secrets of a ring of figures


Hypothesis: it is possible to use qualities of arithmetics in the purpose of increase in young mathematicians to lift mathematics.


Level and research: the level research consists of collect literary data, to sort the collected information on these data.
Way research: demonstrative the grant


News of research: as have shown results of the lead experiments it is possible to be convinced of ordinary and interesting secrets of mathematical rings of figures.


Practical value: experiments on rings and on collected of them to logic problems have been lead. Logic problems in this project have been used at lessons of mathematics and it was appreciable during work that pupils had a practical mastering logic and arithmetic problems.


Offer: it is possible to use ordinary and confidential qualities of rings of figures to increase interest to mathematics from unable to mathematics and to all.


МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ................................................................................................................6


ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Cандар тарихынан......................................................................................8
2.2. Пішінді сандар............................................................................................9
2.3. Кемел сандар кереметтері.......................................................................10
ІІІ. Зерттеу бөлімі
3.1. Сақиналы қосынды..................................................................................12
3.2. Ғажайып кесте........................................................................................12
3.3. Математик – найзағай ............................................................................15
3.4. Сиқырлы шаршы.....................................................................................16
IV. Қорытынды.........................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................................18

І. КІРІСПЕ


Математика әлемінде сонау байырғы заманнан бері көптеген зерттеулер жүргізілуде. Десек те, математиканың құпия – сырлары толығымен зерттеліп бітер емес. Мұның себебі, бұл ғылымның тереңдігі, күрделілігі және шексіздігі болар. Қазіргі таңда математиканың деңгейін көтеру, оны дамыту және арнасын кеңейту бүкіл әлемнің проблемасына айналып отыр. Ғылыми жобаны осы математикаға арнағанымның себебі де осы: математиканың әлемдік, Отандық дәрежесін одан әрі жоғары көтеру, дамытуда өз үлесімді қосу.
Бұл ғылыми жобада, сандардан сақина құрып, олардың сақина құрғанда ие болатын қасиеттеріне көз жеткізіп, оларды зерттедім. Сандар сақинасын кестелерге орналастырғанда пайда болатын ғажап сырларын жан – жақты қарастырдым.

Математика грек тілінен қазақшаға аударғанда «білім, ғылым» деген мағынаны білдіреді. Ғылым тарауларын гректер «математ» деп атаған, осыдан математика деген термин қалыптасқан.


«Математика — ақиқат дүниесінің сандық қатынастары мен кеңістік формалары жайлы ғылым» деген анықтаманы Ф.Энгельс XIX ғасырдың екінші жартысында берген. 1564-1642 жылы өмір сүрген Г.Галилей «Әлем математика тілімен бейнеленген» деген тұжырымды ойын айтқан.
Жүз мыңдаған жылдар бойы адамдарға саусақтармен санаудың өзі жеткілікті еді. Осыдан 6000 жылдай бұрын дүние өзгерді. Таяу Шығыста тұратын халық мал және егін шаруашылығымен айналысты. Олар фермерлерге айналды. Содан Вавилондық сандар, яғни қыш жетондар пайда болды. Көне сандарды белгілейтін ең бірінші символдар көне жетондарға ұқсас болды, бірақ ағаш қарындашты үшкірлеу етіп үштауға үйренген адамдар сандарды конустар арқылы белгілеуді үйренді. Өте көне заманда египеттіктер сахара шөлінен өтетін Ніл өзенінің бойында ғана жер еңдейтін болған. Әр жыл сайын суаруға арналан танаптар мен каналдарды Ніл шайып кетіп отырды, сондықтан египеттіктер егістік танаптарын өлшеуге кірісті. Мысырлықтарды ең озық жер өлшеушілер деп атайды. Мысырлықтар математиканы тек есептеу үшін ғана емес, жер өлшеу үшін, ғимараттар салу үшін, уақытты өлшеу үшін пайдаланған. Мысырлықтар ондықтармен санаған және сандарды әртүрлі бейнемен немесе «иероглифтермен» белгілеген. Математиканы білу ғана мысырлықтарға пирамиданы тұрғызуға мүмкіндік берді. Ұлы Хуфу Пирамидасы — математиканың кереметі. Оның көлемдері қасиетті П және Ф сандарына сәйкес келеді. Осы ғажап құрылыстарды салу үшін екі миллион тас блокты қолмен қашап кескен, ол мысырдан солтүстік полюске дейін биіктігі екі метрлік дуал салуға жетіп артылатын еді. Солтүстік Американың байырғы тұрғындары Мая тайпасының сандар жүйесі тіпті египеттіктердің жүйесінен артықтау еді. Олар күнді анағұрлым дәл анықтаған. Жылдың 365, 242 күнге созылатынын нақ есептеген. Олар жиырмалықтармен санақ жүргізген, бәлкім, санау кезінде аяқ башпайларын пайдаланса керек. Сандардың бейнесі оларда бұршақ, таяқшалар, ұлу тастарға ұқсас болған. Рим империясы үстемдік құрып тұрған кезде рим сандары бүкіл Европаға тарады. Римдіктер ондықтармен санаған және әріптерді сан ретінде пайдаланған. Біз осы уақытқа дейін рим сандарын сағаттардан, параграфтарды нөмірлеу үшін қойылатын кітаптардан көреміз.Көне замандарда арифметикалық амалдарды орындаудың еңозық тәсілі шоттарды /абактарды/ пайдалану болды. Ол есептеуге арналған амал, мұнда бұршақтар немесе ұсақ малта тастар қатарларға тізілетін. Бірақ осыдан 1500 жылдай бұрын үнділер санаудың орналасу жүйесі — сандардың жазылу тәсілін ойлап тапты. Онда символдар шоттағы қатарларға сәйкес келді. Арифметиалық амалдарды орындау шоттың көмегін қажет етпеді, сандарды жәй жаза береді. Бірақ бос қатарлар үшін таңба қажет болды, сондықтан үнділер нөлді ойлап тапты. Бұл асқан даналық еді. Жаңа сандар Азиядан Европаға тарады, біз оларды күні бүгінге дейін пайдаланамыз. Басқа есептеу жүйелерінен айырмашылығы үнділер тек 10 символды ғана пайдаланған, бұл амал жүйені оңайлатқан. Символдар бүкіл әлемге тарай отырып ғасырлардан ғасырларға қарай өзгеріп отырды да, біртіндеп біз пайдаланып жүрген қазіргі заманғы сандарға айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет